26 Тамыз, 04:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Премьер мемлекеттік елтаңбаның өзгеруіне қатысты мәлімдеме жасады

26 Сәуір 2024 21:48
- Жаңалықтар, Қайнар
Премьер-Министр ауыз судың сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 27 сәуір. Премьер-Министр Олжас Бектенов елтаңбаны өзгерту жөніндегі ұсынысқа орай жасалып жатқан жұмыстар жайын айтты. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Үкімет басшысының сөзінше, Қазақстанда мемлекеттік елтаңбаны өзгерту мәселесін кеңінен зерттеп, түбегейлі шешу үшін сарапшылар пулы құрылуы мүмкін. Ол осыған орай қазіргі таңда әр саладан арнайы мамандар жасақталып жатқанын сөз етті.

«Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Қазіргі таңда мемлекеттік елтаңбаны өзгерту мәселесін талқылау үшін депутаттар мен қоғам қайраткерлері, тарих, филология, археология, антропология және әлеуметтану саласының ғалымдары арасынан сарапшылар тобы жасақталып жатыр. Барлық аспектіні объективті қарастыру үшін ортақ пікірге келсек, Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан комиссия құру жоспарлануда», – деді Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елтаңбаны өзгерту керек екенін, ол кеңес заманындағы гербке ұқсап қалатынын мәлімдеген еді.

Бұл ұсыныстан кейін қоғамда елтаңбаға қатысты қызу пікірталас басталып кетті.

Dalanews.kz тілшісі сарапшылармен сұхбаттасып, әлеуметтік желідегі осы тақырыптағы жазбаларға да шолу жасады.

Президент елтаңбаға қатысты пікірінде «эклетика» сөзін қолданады. Бұл сөздің ашық дереккөздегі мағынасына назар аударсақ, архитектура мен бейнелеу өнеріне алуан үлгідегі көркем өнер элементтерін тұтастай талғамсыз қолдану дегенді білдіреді екен.

Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны кеңес заманындағы гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек.

«Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады», – деді Тоқаев.

Ал тарихшы, профессор Берекет Кәрібаев елтаңбада көңілге жақпайтын ештеңе жоқ деген пікірде.

«Жеке өз басым ҚР елтаңбасынан сөкет, көңілге жақпайтын еш нәрсе көріп отырған жоқпын. Осы идеяны Президентке ұсынған кеңесшілерден сұрау керек. Меніңше, гербті өзгерткенмен ештеңе өзгермейді, оған кететін ақыл-ой мен күш- жігерді, барлық материалдық, қаржылай шығындарды басқа мақсатқа, бағытқа жұмсау керек», – деді профессор.

Сарапшы Баяужұма Асылбек бұл таласқа пікір білдірді.

«Жалпы, өзім елтаңбаны өзгертуге қарсымын. Біріншіден, елтаңбада 40-тан аса элемент бар. Уықтан, шаңырақтан бастап пыраққа дейін бүкіл ұлттық болмысымызды, қазақилығымызды, тарихты көрсетіп тұрған дүние. Бес жұлдыз Қытайдың да, Түркияның да, Американың да туында бар. Бес жұлдыз қазақтың жұлдызы жарқырай берсін, биікте тұрсын дегенді білдіреді. Темірқазық деген жұлдыз бар. Соны білдіреді. Сондықтан дәл қазіргі уақытта мемлекеттік рәміздерді өзгертудің ешқандай қажеті жоқ.

1991 жылы бізді атамекенге сонау Моңғолиядан шақырып әкелген осы көк ту мен елтаңбамыз болатын. елтаңба мен көк ту жүрегімізге өте жақын.

Мамандар есептеп жатыр ғой, елтаңбаны ауыстырудың өзінде миллиардтаған теңге қаражат қажет болады. Барлық балабақшадан бастап мемлекеттік мекемелердің елтаңбаларын ауыстыруға тура келеді. Бұл да қиын экономикалық дағдарыс тұсында ешқандай пайдасыз дүние.

Біздің елтаңбамыз Американың халықаралық зерттеуінде ең әсем Елтаңба ретінде 9-орынды алады. Сондықтан біз керісінше мемлекеттік рәміздерімізді жастарға насихаттауымыз керек. Елтаңба мен туымыз бренд болып кеткен, осы арқылы бүкіл дүниежүзі таниды.

…Елтаңбаны өзгерту туралы бастамасын қолдамаймын. Бұл – Президенттің емес, оған айтып отырған бір топ адамның идеясы. Пайда көздеген де болуы мүмкін. Екінші жағы өздерінің абыройларын шығаруды көздеген болар», – дейді сарапшы.

Таңбалар: елтаңбакомиссияОлжас Бектеновөзгеріс

Ұқсас мақалалар

Бектенов: Ұлы Даланың сан ғасырлық тарихы жалғасы Конституция өресінде бекіді
Жаңалықтар

Бектенов: Ұлы Даланың сан ғасырлық тарихы жалғасы Конституция өресінде бекіді

19.06.2026
Президент басшылардың қызметке жақындарын алуларына тыйым салды
Жаңалықтар

Президент басшылардың қызметке жақындарын алуларына тыйым салды

13.06.2026
Премьер Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды
Жаңалықтар

Премьер Қызылорда облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

08.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist