Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Қытайдан кісі өлтіретін жаңа вирус тарап жатыр

БЕЙЖІҢ. 9 тамыз. Қытайда ақыры адам ажалына алып баратын жаңа бір вирус тарап жатыр. Бұл туралы Cloba Times хабарлады.

Әлемге коронавирусты шығарып, экспорт жасаған Қытай содан кейін қарап жатпапты. Қазір бұл елде одан да әлдеқайда қауіпті жаңа вирус шықты.

Оқымыстылар SFTS деген атау берген бұл індетпен жыл басынан бері кемінде 60 адам ауырып, жетеуі қайтыс болды.

Аталмыш кеселді жұқтырған адам әдепкіде безгек ұстағандай қалшылдап, тұла бойы тоңа бастайды. Содан кейін жөтел пайда болып, қанның құрамындағы лейкоциттер мен тромбоциттер төмендеп кетеді.

Дәрігерлер аталған вирустың кененің шағуы арқылы берілетінін айтады. Алайда, оның адам қаны немесе іріңі арқылы жұға алатынын жоққа шығаруға болмайды, деседі.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button