Өзбекстанда екі басты нәресте өмірге келді
САМАРҚАНД. 1 шілде. Өзбекстанның Самарқанд облысында сиам егіндері – екі басты нәресте өмірге келді. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.
Дәрігерлер шақалақтың ата-анасына мұны алдын-ала ескертіп қойған екен.
Облыстық көп бейінді медициналық орталықтың бас дәрігері Дилшод Рахмоновтың айтуынша, қазір нәресте орталықтың жансақтау бөлімінде жатыр. Бірнеше рет одан анализ алынған. Бәлкім, оның ішкі органдары да екі-екіден шығар. Бірақ жыныстық мүшесі біреу ғана.
Қос сәбидің тынысы тарылып, жүрегінде ақау бары анықталды. Жаңа туған қыз балалар әлемде өте сирек кездесетін сиам егіздерінің дицефалды түріне жатады. Мамандар мұндай жағдайдың орын алуының бірнеше себебі барын айтады. Мысалы, жақын туыстар арасындағы некеден, бала көтеретін жастан өткеннен кейін босанудан, радиациялық зақымнан, экологияның нашарлануынан сиам егіздері тууы мүмкін.
«Әлемде мұндай сырқаттар өте сирек кездеседі. Ол 200-220 мың оқиғадан кейін бір рет қана қайталанып тұрады. Мұндай балалардың ұзақ жасайтын кездері де болады, мысалы, 20-50 жыл өмір сүреді. Бірақ біздің жағдайымызда бұлай болуы қиын. Себебі, егіздердің денелері бірігіп кеткен. Осы себептен біз күрделі анализдер алмақшымыз. Қазір бөбектің хәлі жаман емес, оны емдеудің шаралары жасалып жатыр. Тамақтануы, қан айналымы нормада, енді тек оттегінің жетіспеушілігі ғана байқалады. Біз келешекте, әрине, нәрестенің аман қалуы жолында бар күшімізді саламыз», – деді Рахмонов.