Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Президент Тоқаев парадтан алған әсерін жазды (фото)

МӘСКЕУ. 24 маусым. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен әскери парад жөніндегі өз ойын әлеуметтік желіде қалдырды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад бүгін Ресей астанасындағы Қызыл алаңда болып өтті. Оған Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Сербия, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің президенттері қатысты.

Қазақстан басшысы өзінің әсерін әдеттегідей Twitter-дегі парақшасына түсірді.

«Ресей Президенті В.Путиннің шақыруымен Мәскеудегі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатыстым. Қызыл алаңнан жүріп өткен әскери топтардың арасында Қазақстан Қарулы күштерінің десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінің қызметшілері де болды», – деп атап көрсетті Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button