Симптомпсыз кесел таратушылар күрт өсіп келеді
АСТАНА. 19 маусым. Кеше түнде елімізде жалпы статистикаға кірмейтін 778 симптомпсыз кесел тасымалдаушы тіркеліп, барлығы 7 609-ға жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Қазақстанда симптомпсыз ауру тасымалдаушылар қатары күрт өсіп келеді. Көрсеткіш жан шошытарлықтай. Мұны өткен түннен бергі деректер де айғақтайды.
Бұл көрсеткіште де симптомпты вируста көш бастап тұрған жатқан аймақтар алда келеді.
Сонымен, тәулік ішінде симптомпсыз коронавирус инфекциясын тасымалдаушылар мына өңірлерде былайша тіркелді:
Астана қаласы – 97, Қарағанды облысы – 96, Атырау облысы – 82, Шымкент қаласы – 72, Батыс Қазақстан облысы – 66, Алматы қаласы – 62, Алматы облысы – 51, Түркістан облысы – 41, Ақтөбе облысы – 35, Жамбыл облысы – 31, Қызылорда облысы – 29, Маңғыстау облысы – 29, Ақмола облысы – 28, Қостанай облысы – 25, Шығыс Қазақстан облысы – 22, Солтүстік Қазақстан облысы – 12.
Тәулікте тек Павлодар облысы ғана бұл дүрбелеңнен «аман» кетіпті.
Аймақтар бойынша симптомпсыз індеттің бүгінгі эпидемиологиялық ахуалы мынадай:
- Қарағанды облысы – 1137
- Алматы қаласы – 1040
- Астана қаласы – 939
- Атырау облысы – 821
- Шымкент қаласы – 751
- Алматы облысы – 505
- Батыс Қазақстан облысы – 472
- Түркістан облысы – 356
- Ақтөбе облысы – 265
- Шығыс Қазақстан облысы – 242
- Маңғыстау облысы – 242
- Қызылорда облысы – 200
- Солтүстік Қазақстан облысы – 169
- Ақмола облысы – 148
- Жамбыл облысы – 146
- Қостанай облысы – 104
- Павлодар облысы – 72.