Қазақстан: Індеттен қайтыс болғандар саны 100-ге жетті
АСТАНА. 18 маусым. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус сырқатынан 12 адам өмірмен қоштасып, қайтыс болғандар саны 100-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Жан тапсырған 12 адамның 9-ы Астана қаласында, 2-і Алматы қаласында, 1-і Шымкент қаласында тіркелді.
Астана қаласындағы 9 адамның 7-і әйел, 2-і ер кісілер екен. Ал Алматы және Шымкент қалаларында көз жұмғандардың бәрі ер кісілер болып шықты. Олардың ең үлкені 1938 жылғы, ең кішісі 1979 жылғы.
Осы кезге дейін мына аймақтарда қайтыс болғандар тіркелді:
Астана қаласы – 24, Алматы қаласы – 15, Павлодар облысы – 13, Шымкент қаласы – 12, Қарағанды облысы – 9, Ақмола облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 6, Түркістан облысы – 5, Атырау облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Ақтөбе облысы – 1.
Кешеден бері 355 адам науқастарынан жазылып, олардың жалпы саны 9 902 болды.
Осы кезге дейін аймақтардан мұнша адам сауығып шықты:
- Алматы қаласы – 2128
- Астана қаласы – 2089
- Атырау облысы – 1000
- Қарағанды облысы – 736
- Батыс Қазақстан облысы – 670
- Шымкент қаласы – 512
- Қызылорда облысы – 465
- Алматы облысы – 391
- Жамбыл облысы – 330
- Ақтөбе облысы – 293
- Түркістан облысы – 284
- Маңғыстау облысы – 271
- Павлодар облысы – 188
- Қостанай облысы – 187
- Ақмола облысы – 170
- Шығыс Қазақстан облысы – 137
- Солтүстік Қазақстан облысы – 51.
Кеше түнде сағат 23:59-да 335 індет жұқтыру дерегі тіркеліп, оның жалпы саны 15 877-ге барды.
Бұл жөніндегі көрсеткіш аймақтар бойынша былай бөлініп отыр:
Астана қаласы – 59, Қарағанды облысы – 37, Алматы қаласы – 35, Батыс Қазақстан облысы – 29, Атырау облысы – 21, Шығыс Қазақстан облысы – 21, Түркістан облысы – 20, Шымкент қаласы – 18, Жамбыл облысы – 15, Ақтөбе облысы – 15, Ақмола облысы – 15, Павлодар облысы – 13, Алматы облысы – 11, Солтүстік Қазақстан облысы – 9, Қызылорда облысы – 8, Қостанай облысы – 6, Маңғыстау облысы – 3.
Өткен тәулікте вирус жұқтырудан «аман» шыққан бірде-бір облыс болған жоқ.
Бір күннің ішінде Жамбыл облысы Қызылорда облысының алдына түсіп, оны тағы бір саты төмен жіберді.
Есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:
- Алматы қаласы – 3217
- Астана қаласы – 3010
- Қарағанды облысы – 1661
- Атырау облысы – 1362
- Шымкент қаласы – 1185
- Батыс Қазақстан облысы – 1041
- Ақтөбе облысы – 561
- Алматы облысы – 534
- Жамбыл облысы – 524
- Қызылорда облысы – 522
- Түркістан облысы – 487
- Павлодар облысы – 437
- Маңғыстау облысы – 404
- Шығыс Қазақстан облысы – 298
- Қостанай облысы – 247
- Ақмола облысы – 242
- Солтүстік Қазақстан облысы – 134.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұрттың індеттен сақтануды жаппай қойғанының зардаптары болатынын ескертіп жатыр.
Коронавирус шынында да аса қатерлі кесел болып тұр.
«Сақтансаң – сақтаймын» деген.