Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

Орталық Азияның ең сұлу 13 әнші қыз-келіншегі анықталды

ДУШАНБЕ. 17 маусым. Қытайдың «Жаңа жібек жолы» басылымы Орталық Азияның әнші қыз-келіншектері арасындағы ең сұлуларын анықтады. Бұл туралы тәжіктің «Asia-Plus» сайты хабарлады.

Сұлулар үздігі қатарында Қазақстаннан – 5, Өзбекстаннан – 3, Тәжікстаннан – 3 және Қырғызстаннан 2 орындаушы бар.

Арулардың бірі қазақ сахнасының талантты өкілі – Айдана Меденова. Ол – «KeshYOU» тобының бұрынғы әншісі. 2015 жылы Айдана қазақ продюсері Әлішер Нұржановқа тұрмысқа шықты. Қазір екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

Қазақстандық тағы бір сұлу әнші – Кәмшат Жолдыбаева. Ол сонымен бірге – актриса, продюсер. Ол бұрын «KeshYOU» тобында болған. Бірнеше фильмге түскен. Музыкалық триоға келмес бұрын «Біржан сал» киносында ойнаған.

Нәзима – қазақтың жас поп-әншісі, «Black Star» әртісі. Ресейдің «Песня» атты таланттар шоуына қатысқан.

Ерке Есмахан – қазақтың тағы бір жас әншісі. Ол алдымен музыкалық топта орындаушы ертінле танылды, кейін өзінің жеке концертін беруге көшті. Әнші сондай-ақ өзінің авторлық әндерін жазып жүр. «Қайда» атты әні оны бір түнде танымал етіп шығарды.

Индира Еділбаева кәсібін Алматыда модель болып бастады. Содан кейін Украинаның «Голос» жобасына қатысты. Қазір музыкадан бөлек, модель бизнесін жүргізеді.

Өзбекстанның танымал әншісі әрі актрисасы Шахзода есімі сырт жақтарға да жақсы таныс. Ол 1979 жылы 28 шілдеде Ферғанада туған. 2003 жылы бірінші жеке концертін берді. Киноға түсті. 2009 жылы DJ Smash-пен бірге «Между небом и землёй» әнін жазды.

Лола Юлдашева – өзбектің 34 жастағы әншісі, актрисасы. Ол бірнеше ән жазған. Өзбек және орыс тілдерін ән шырқайды. Бұдан басқа, киноға да түсіп жүр. 2003 жылы Өзбекстанда «Севинч» («Сүйініш», «Қуаныш») фильмі прокатқа шықты. Онда Лола басты рөлде ойнады. Бұдан кейін «Приезжий жених» деген лентада басты рөлді атқарды. Жарнамалық фототсессияларда да көп көрінеді. Қайырымдылықты да көп жасайды.

 

Райхон – өзбек әншісі әрі актрисасы. Өзбекстанның еңбек сіңірген әншісі. 1978 жылы 16 қыркүйекте Ташкентте туған. Ол сурет салады, ән шырқайды, би билейді. Бала жасынан дарынды балаларға арналған музыка-өнер училищесіне барды.

Анжелика Кайратова – Қырғызстанның әншісі, актриса, тележүргізуші және продюсер. 1989 жылы Бішкекте әскери қызметкердің отбасында туған. Өнер жолын 2007 жылы бастады.

Чолпон Талипбек – қырғыздың өте талантты әншісі, актриса, тележүргізуші. Чолпон 1990 жылы 22 қыркүйекте Қант қаласында туған.

Зулайхо Махмадшоева – тәжіктің 26 жастағы әншісі. «Зу зу» әнімен танылған.

Мадина Акназарова – тәжіктің тағы бір жас әншісі. Өз шығармашылығында ата-бабалары үніне үн қосқанды жақсы көреді.

Мехрнигори Рустам – кәсіби музыкант. Душанбедегі музыкалық училищені бітірген. Ол 9 жасында балалардың «Чучаи заррин» (2003) конкурсында Гран-при жеңіп алған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button