Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Атлантада полицейлер қара нәсілді жігітті атып өлтірді

АТЛАНТА. 14 маусым. АҚШ-тың Джорджия штатындағы Атланта қаласында полицейлер афроамерикалық жігітті атып өлтірді. Бұл туралы «Washington Post» газеті хабарлады.

«Американың Атланта (Джорджия штаты) 27 жастағы қара нәсілді тұрғын жұма күннің кешінде полицияның қатыгез әрекеттері нәтижесінде қаза тапты», – делінген хабарламада.

Жаңа инцидент жергілікті билікке проблема қосып беріп, кезекті қарсылық акциясының себепкері болды. Осылайша халық тағы көтерілді. Көп адам қатысқан митингілерде қалалық полиция бастығын отставкаға жіберу талап етілді.

Полицияның мәліметі бойынша, қара түсті жүргізуші кафеде отырып ұйықтап кеткен. Бұл кезде оның аулаға қойған көлігі басқа машиналардың шығуына кедергі келтіріп тұрған. Шақыру бойынша келген полицейлер айдаушының спиртті ішімдікті ішкен-ішпегенін тексеріп көрмек болғанда, ол коптардың бірінің электрошокерін алып қашуға әрекет жасаған. Жігітті ұстау барысында оқ атылған. Соның салдарынан зәңгі жігіт қаза тапқан.

Қазір болған жайт тексеріліп жатыр.

Осы қайғылы оқиғадан кейін Атланта полициясының бастығы Эрика Шилдс ханым отставкаға арыз берген. Қаланың мэрі Кейша Лэнс Боттомс ханым мына жағдайда тәртіп сақшыларының мылтық атуларына ешқандай негіз болмағанын айтады.

АҚШ-та қара нәсілді Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған жаппай тәртіпсіздіктің өтіп жатқанынан екінші апта болды. Ал мына жағдай отқа май құя түсті.

Нәсілдік бөлушілікке наразылықтан шыққан мұндай тәртіпсіздіктер кеше Париж бен Лондонда да басталды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button