ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Коронавирус: Қызылорда облысы 500-дік белдеуге жетті

АСТАНА. 15 маусым. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 313 оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 14 809-ға жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Бұл жолы Астана «арқырады». Көш басында тағы да – бұрынғы лидерлер. Олардың қатарында әдеттегідей Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бар. Ал Қызылорда облысы өткен түнде «бесжүздік белдеуді алды». Бұрын «көп шашыла» бермейтін Солтүстік Қазақстан облысы да біраз «серпілді».

Сонымен, өткен түнгі сағат 23:59-да есепке алынған 313 дерек қалалар мен аймақтар бойынша былай бөлінді:

Астана қаласы – 77, Қарағанды облысы – 47, Алматы қаласы – 31, Батыс Қазақстан облысы – 30, Шымкент қаласы – 26, Атырау облысы – 23, Солтүстік Қазақстан облысы – 15, Ақтөбе облысы – 12, Түркістан облысы – 11, Шығыс Қазақстан облысы – 10, Алматы облысы – 8, Жамбыл облысы – 8, Қызылорда облысы – 7, Павлодар облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Ақмола облысы – 2, Маңғыстау облысы – 1.

Өткен тәулікте бірде-бір облыс вирус жұқтырудан «аман» кете алған жоқ.

Есепті кезеңдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:

  1. Алматы қаласы – 3113
  2. Астана қаласы – 2760
  3. Қарағанды облысы – 1522
  4. Атырау облысы – 1310
  5. Шымкент қаласы – 1133
  6. Батыс Қазақстан облысы – 967
  7. Ақтөбе облысы – 528
  8. Алматы облысы – 515
  9. Қызылорда облысы – 500
  10. Жамбыл облысы – 491
  11. Түркістан облысы – 454
  12. Маңғыстау облысы – 379
  13. Павлодар облысы – 349
  14. Шығыс Қазақстан облысы – 262
  15. Қостанай облысы – 220
  16. Ақмола облысы – 195
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 111.

Осы кезге дейін 9188 адам жазылып шығып, 74 адам қайтыс болды. Тәулік ішінде Ақмола облысында – 2 адам, Астана қаласы мен Павлодар облысында бір-бір адамнан көз жұмды.

Аймақтар бойынша індеттен сауығып шыққандардың мәліметі:  

  1. Алматы қаласы – 2056
  2. Астана қаласы – 1981
  3. Атырау облысы – 961
  4. Қарағанды облысы – 663
  5. Батыс Қазақстан облысы – 558
  6. Шымкент қаласы – 478
  7. Қызылорда облысы – 391
  8. Алматы облысы – 328
  9. Жамбыл облысы – 313
  10. Түркістан облысы – 274
  11. Ақтөбе облысы – 271
  12. Маңғыстау облысы – 246
  13. Павлодар облысы – 186
  14. Қостанай облысы – 182
  15. Ақмола облысы – 154
  16. Шығыс Қазақстан облысы – 107
  17. Солтүстік Қазақстан облысы – 49.

Аймақтар бойынша қайтыс болғандар мәліметі:

Астана қаласы – 15, Павлодар облысы – 12, Шымкент қаласы – 11, Алматы қаласы – 10, Қарағанды облысы – 7, Ақмола облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 4, Атырау облысы – 3, Түркістан облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button