Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Әйелдерді ұрып-соғуды жақтаған оқытушы қызметтен кетті

АСТАНА. 6 маусым. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Ерлан Сүлейменов әйелдерді ұрып-соғуды қолдағаны үшін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы ult.kz хабарлады.

«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әйелдерді ұрып-соғу туралы атышулы пікір жазған оқытушыны жұмыстан шығарды», – деп атап көрсетті портал.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Ерлан Сүлейменов есімді қолданушы әйелдерді ұру керектігін жазып, өзін «исламист», «ұлтшыл», «жидофоб» деп атапты. Сол орайда көп әйел алуға, жихадқа шақырыпты. Әйелді ұрып тұруға болады, кейде ол керек, дейді ол.

Кейінірек оның Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы екені анықталды.

«Университет Е. Сүлейменовке қатысты тексеру жұмыстарын қорытындылады. Этика жөніндегі комиссия оның іс-әрекетін жалпыадамзаттық әдеп нормаларына сай келмейді деп бағалады. Аталған комиссия ұсынымымен Е. Сүлейменовпен еңбек келісімшартын бұзу туралы ректор бұйрығы шықты», деп жазды ЕҰУ баспасөз қызметі.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button