Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Президент Ұлттық банк басшысына тапсырма берді

АСТАНА. 18 мамыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктың бастығы Ерболат Досаевты қабылдап, оған жағдайға байланысты нақты тапсырмалар берді. Бұл туралы Ақорда дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Ерболат Досаев Мемлекет басшысы алдында дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуы және экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жолдары туралы баяндады. Ол қаржы нарығының қазіргі ахуалы мен биылғы қаңтар-сәуір айларында жүзеге асырылған ақша-несие саясатының қорытындылары жөнінде мәлімет берді.

Президент «Жұмыспен қамту» жол картасына бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алуды және оның көзделген мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Осы ретте Мемлекет басшысы өндіріс саласында жаңа жұмыс орындарын ашудың қажеттілігін айтты.

Кездесудің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшысына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button