Бүгін – Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні
АСТАНА. 17 мамыр. Бүгін – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Ол 67 жасқа толып отыр. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Бұған дейін Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Президенттің туған күнін тойламайтынын атап өткен. Тіпті, Президент әкімшілігі қызметкерлеріне құттықтаулар жолдаудың қажетті жоқтығы ескертіліп, кәдесый жасаудан аулақ болу сұралған.
Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (1975),
РФ Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы (1992), мамандығы – халықаралық маман.
Дипломатиялық дәрежесі – Төтенше және Өкілетті Елші (1995),
Тарих ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Қазақстанның сыртқы саясатындағы Азия-Тынық мұхиты мемлекеттері» (1998);
Саяси ғылымдар докторы, диссертация тақырыбы: «Жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру кезіндегі Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» (2001);
Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану академиясының толық мүшесі;
Шэньчжэнь университетінің (ҚХР) және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры;
Женева дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы.
Еңбек өтілі:
КСРО Сыртқы істер министрлігі: кезекші референт (1975);
Сингапурдағы КСРО елшілігі: кезекші референт, көмекші (1975-1979);
КСРО Сыртқы істер министрлігі: аға референт, атташе, үшінші хатшы (1979-1983);
Бейжің қытай тілдер институты: тағлымгер (1983-1984);
КСРО Сыртқы істер министрлігі: Үшінші хатшы (1984-1985);
КСРО-ның Қытайдағы елшілігі: екінші, бірінші хатшы (1985-1991);
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (12.1993-10.1994);
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі (10.1994-10.1999);
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары (03.1999-10.1999);
Премьер-Министрдің міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (10.1999-01.2002);
Мемлекеттік хатшы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі (01.2002-06.2003);
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі (06.06.2003 – 11.11.2007);
Қазақстан Республикасы Президенті жарлығы бойынша Парламент Сенатының депутаты (01.2007);
Парламент Сенатының төрағасы (01.2007);
БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің басшысы (03.2011-10.2013);
Парламенті Сенатының Төрағасы (16.10.2013);
Қазақстан Республикасы Президентінің міндетін атқарушы (03/20/2019 – 12.06.2019);
Қазақстан Республикасының Президенті (12.06.2019 жылдан бері).