Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Англия чемпионаты жалғасатын күн белгілі болды

ЛОНДОН. 12 мамыр. Футболдан Англия чемпионатының 2019/2020 жылғы маусымы жалғасатын уақыт белгілі болды. Бұл туралы Gazeta.Ru хабарлады.

Агенттіктің The Telegraph мәліметіне сүйеніп хабарлағанындай, біріншілікті жалғастыру, қауіпсіздік шаралары түгел қарастырылған жағдайда, 12 маусымда қолға алынады. Мұны елдің премьер-министрі Борис Джонсон парламентке ұсынды.

Еске сала кетейік, Еуропаның барлық футбол лигалары коронавирус пандемиясы салдарынан қазіргі кезде чемпионаттарын тоқтатып тастады. Біріншілік тек Беларусьте ғана жалғасып жатыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button