Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Салонда интим талап еткен полицей қызметтен кетті

АЛМАТЫ. 12 мамыр. Алматы полицейі массаж салонындағы жанжалды видеодан кейін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы BaigeNews хабарлады.

Видеода полиция қызметкерінің боди-массаж жасатып болғаннан кейін қызмет көрсетуші қызға жабысып, одан интимдік қатынас талап ете бастағаны көрінеді.

Көрініс 10 мамыр күні желіден орын алған. Оны салон мекемесінің қызметкері түсірген. Кадрда екі жігіттің клиентті екі жағынан ұстап, кім екенін білгілері келіп тұрғаны байқалады. Олар келушінің аты-жөнін және лауазымын сұрайды.

Салон қызметкерлері клиенттің массаж жасатып болғаннан кейін оны жасаушы қызды интим қызметке итермелек болғанын баяндайды. Роликтің соңында екі жігіт құқық қорғау органының қызметкерін жығып салып, қызмет куәлігін камераға түсіреді.

Полицияның мәліметі бойынша, осы инциденттен кейін Алматы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізген.

«Бүгін тәртіптік комиссияның шешімімен құқық қорғау органының беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін, «ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» талаптарын сақтамағаны үшін, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР заңының талаптарын бұзғаны үшін Алматы қаласы ПД патрульдік полк қызметкері ішкі істер органдарынан босатылды», – деп хабарлады полициядан.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button