Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Астана тұрғыны әйелін пышақтап өлтіріп, қолға түсті

АСТАНА. 29 сәуір. Астана қаласында әйелін пышақтап өлтірген бір азамат қамауға алынды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Бұдан бір күн алдын бұл оқиға жайындағы қауесет әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. Осыған орай қала полициясы болған оқиғаға түсіндірме беріп, ер кісінің әйелін аяусыз өлтіру себебін айтты.

Полициядағылар желілерде жазылған кейбір деректердің шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Мысалы, әйелдің көп балалы екені расталған жоқ.

Астана қаласы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 28 сәуір күні сағат 14.31-де «102» шғыл байланыс желісіне Тәуелсіздік даңғылы бойындағы тұрғын үйдің кіреберісінен көптеген пышақ жарақаттарымен 1982 жылғы Надежда Белоустың табылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Ол бірден қалалық ауруханаға жеткізіліп, сағат 16:10 шамасында алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Полиция қылмыстық істің ізін суытпай, марқұм әйелдің 1992 жылғы күйеуі Ростислав Белоусты қолға түсірді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды.

Қылмысқаерлі-зайыптылар арасында туындаған қызғанышсебеп болған. Олар биылғы жылдың қаңтарынан бері бөлек тұрып келген екен. Ал 2017 жылы үйленіпті. Жұбайлар екі бала тәрбиелеген: 2011 жылғы бала әйелдің бірінші некесінен, ал 2018 жылғы екіншісі – екеуінің ортақ баласы. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған балалар марқұмның сіңлісінің қамқорлығына алынған.

Қылмыс тұрғын үйдің кіреберісінде орын алған. Куәгерлер болмаған. Бұл кезде балалар туысымен бірге пәтерде отырған.

2020 жылдың 27 сәуірінде сағат 16. 38 уақытында полицияға бұрынғы жұбайының жанжал шығарғаны туралы әйел шағым түсірген. Құқық бұзушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген, оған ҚР ҚК 434 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жанжал фактісі бойынша, Н.Белоустың құқығын қорғау мақсатында, Р.Белоусқа қарсы қорғаныс бұйрығы шығарылған, сұрақ-жауап алынғаннан кейін ол босатылған.

Ал 28 сәуірде істі сотта қарау жоспарланған екен. Алайда, 28 сәуірде таңертең учаскелік инспекторға зардап шегуші Надежда Белоус қоңырау шалып, күйеуіне ешқандай айып тақпайтынын, оны босатуды сұраған, осылайша олардың арасындағы жанжал толығымен шешіліп, жұп татуласқандай болған.

Полициядағылар карантин кезеңінде бұл факт отбасылық-тұрмыстықзорлық-зомбылық бойынша тіркелген жалғыз ауыр қылмыс болып табылатындығын атап өтті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button