Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Қалыңдығын жүксалғышқа салып, өтіп кетпекші болған

ҚАРАҒАНДЫ. 25 сәуір. Қарағанды қаласының тұрғыны қалыңдығын көлігінің жүксалғышына жатқызып, үстіне жамылғы жауып, блок-бекеттен алып өтпекші болған жерінде ұсталды. Бұл туралы BaigeNews.kz хабарлады.

Ер кісі полицейлер көлігін дәл бұлайша мұқият тексеріп шығады деп ойламаса керек. Алайда, Мұстафин ауылындағы кенттік полиция бөлімінің қызметкерлері «Ауди» автомобилінің салонын қарап шыққаннан кейін жүргізушіден жүксалғышты да ашуды сұраған. Ал көлік иесі оны көтерген кезде арғы жағынан плед оранып жатқан құрбысы атып тұрып, шашын жөндей бастаған.

Ер кісі мен әйел полицейлерден кешірім сұрады. Сол кезде 35 жастағы әйел еркін жүріп-тұруға электронды рұқсат қағазын алмақшы болғанымен, оған қол жеткізе алмағанын айтты.

«Жүргізуші мен қыз күйеу жігіт пен қалыңдық болып шықты. Олардың екеуіне қатысты Әкімшілік кодексінің 476-бабы, 1-бөлігіне қатысты әкімгершілік хаттамасы толтырылды. Бұл «төтенше жағдай режимін бұзғандықты» білдіреді. Енді олардың әрбірі арнайы әкімшілік сотының шешімімен 27 мың 780 теңге айып төлейтін болады», – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button