АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда індетке ілінгендер қатары 2482 болды

АСТАНА. 25 сәуір. Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирустың 148 оқиғасы тіркеліп, оның жалпы саны 2482-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Енді соңғы күндердің хроникасына шолу жасап өтер болсақ, көз алдымызға мынадай деректер көрсеткіштері келер еді: 17 сәуірде – 139; 18 сәуірде – 121; 19 сәуірде – 63; 20 сәуірде – 81; 21 сәуірде – 214; 22 сәуірде – 76; 23 сәуірде – 166, 24 сәуірде – 143; 25 сәуірде – 148.

Кешегі түстен бүгінгі таңертеңге дейінгі 148 дерек былай тарады: кеше сағат 18:25-те – 42 дерек; сағат 23:00-де – 40 дерек; ал бүгін таңертең сағат 10:15-те 66 дерек тіркелді.

Бірінші есепте (42) Алматы қаласынан – 23, Астана қаласынан – 5, Павлодар облысынан – 4, Жамбыл облысынан – 3, Ақмола облысынан – 3, Алматы облысынан – 3, Батыс Қазақстан облысынан – 1; екінші есепте (40) Павлодар облысынан – 10, Астана қаласынан – 8, Батыс Қазақстан облысынан – 7, Атырау облысынан – 4, Түркістан облысынан – 4, Қызылорда облысынан – 3, Шымкент қаласынан – 2, Алматы облысынан – 1, Шығыс Қазақстан облысынан – 1; ал бүгін таңертеңгі үшінші есепте (66) Павлодар облысынан – 12, Атырау облысынан – 10, Астана қаласынан – 8, Түркістан облысынан – 8, Қызылорда облысынан – 6, Шымкент қаласынан – 5, Маңғыстау облысынан – 5, Алматы қаласынан – 4, Қарағанды облысынан – 3, Жамбыл облысынан – 2, Батыс Қазақстан облысынан – 2, Қостанай облысынан 1 оқиға шықты.

Сонымен, тура бір тәулік ішінде тіркелген 148 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 27, Павлодар облысы – 26, Астана қаласы – 21, Атырау облысы – 14, Түркістан облысы – 12, Батыс Қазақстан облысы – 10, Қызылорда облысы – 9, Шымкент қаласы – 7, Жамбыл облысы – 5, Маңғыстау облысы – 5, Алматы облысы – 4, Қарағанды облысы – 3, Ақмола облысы – 3, Қостанай облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1.

Бұл тәулікте «аман» кеткен аймақтар арасында Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары бар.

Қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 791, Астана қаласы – 454, Қызылорда облысы – 170, Шымкент қаласы – 146, Қарағанды облысы – 111, Жамбыл облысы – 103, Батыс Қазақстан облысы – 102, Атырау облысы – 98, Түркістан облысы – 93, Ақмола облысы – 88, Павлодар облысы – 88, Алматы облысы – 73, Ақтөбе облысы – 55, Қостанай облысы – 39, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Маңғыстау облысы – 25, Шығыс Қазақстан облысы – 16.

Осы кезге дейін республика бойынша 604 адам жазылып шықты.

Олар мына қалалар мен аймақтардың үлестеріне тиеді: Астана қаласы – 211, Алматы қаласы – 90, Қызылорда облысы – 65, Жамбыл облысы – 42, Атырау облысы – 35, Қарағанды облысы – 34, Ақмола облысы – 28, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 21, Шымкент қаласы – 18, Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 5, Маңғыстау облысы – 4, Қостанай облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 2, Павлодар облысы – 2,

Қайтыс болғандар саны – 25. Бұлар Алматы қаласында (8), Ақмола облысында (4), Шымкент қаласында (4), Астана қаласында (3), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысында (1), Павлодар облысында (1), Шығыс Қазақстан облысында (1), Қостанай облысында (1), Маңғыстау облысында (1) тіркелді.

Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрамыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button