Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Оралда әйелі мен екі қызын өлтірді деген күдікті ұсталды

ОРАЛ. 10 сәуір. Кеше Батыс Қазақстан облысында бір ер кісі әйелі мен екі баласын өлтірді деген күдікпен құлып астына алынды. Бұл туралы «Уральская неделя» хабарлады.

Қанды оқиға сәуірдің 8-інен 9-на қараған түні осы облыстың Тасқала ауданындағы «Ақтау» ауылында орын алған.

Сол күні түнгі сағат бір шамасында ауылдың шетіндегі бір үй от болып лаулайды. Өрт сөндірілгеннен кейін төтенше жағдайлар қызметкерлері үйден жас әйел мен екі баланың мәйіттерін табады.

Басылымының баяндауынша, қайғылы оқиғадан кейінгі полиция өртенген үйдің егесі – 1986 жылы туған Серік Қафизовты өз отбасының үш мүшесін өлтірді деген күдікпен іздестіре бастайды. Тәртіп сақшылары 9 сәуір күні таңертең оның қайда екендігі анықтап, қамауға алды.

Осылай бір шаңырақ ортасына түсті.

Полицияның мәліметінше, қамауға алу кезінде күдікті өзінің тамағын орып жібермекші болған. Полиция оны аудандық ауруханаға жеткізіп, медициналық көмек көрсеттіріп алғасын, сол күні кешке тергеу оқшаулағышына жатқызады.

Серік Қафизов жергілікті мектепте кітапханашы болып жұмыс істеген әйелі Жадыра мен 1, 2 сыныптарда оқитын екі қызын өлтірді деп күдікке алынды. Ол жақында Атырауда вахталық әдіспен жұмыс істеп келген көрінеді.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы: 99-бабы, 2-бөлігі («Екі немесе одан да көп адамды өлтіру»), сондай-ақ 202-бап («Адамның өліміне әкеп соққан бөтеннің мүлкін қасақана жою») бойынша тергеуді бастады.

Жадыра мен оның екі баласын жерге қойнына беру рәсімі бүгін «Ақтау» ауылында болып өтті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button