Роберт Кеннедидің 8 жасар шөбересінің денесі табылды
ВАШИНГТОН. 9 сәуір. Сүңгуірлер АҚШ-тың бұрынғы бас прокуроры және сенаторы Роберт Кеннедидің 8 жасар шөбересінің денесін судан алып шықты. Бұл туралы CNN хабарлады.
Полиция бұдан алдын, дүйсенбі күні сегіз жасар Гидеон Маккиннің анасы Мейв Кеннеди Таунсенд Маккиннің денесін тапқан еді.
Қайғылы оқиғаның бастауы былай болған. 41 жастағы Мейв Кеннеди мен оның ұлы 3 сәуір күні Мэриленд шатындағы Чесапик бұғазында қайықпен серуендеп жүріп жоғалып кетеді. Олар мінген каноэ қайығы жұрт анасы мен баласын соңғы рет көрген жерден бірнеше шақырым арыда табылады.
Сүңгуірлер Гидеон Маккиннің мәйітін 7,5 метр тереңдіктен, анасының денесі табылған орыннан шамамен 600 метрдей жерден шығарып алады.
Олардың отбасы қазір карантинге жабылған бұғаздың жағалауында тұрады. Мейвтің күйеуі Дэвид Маккиннің айтуынша, жұбайы ұлымен бірге жағада доп ойнап жүрген екен. Кенет бала допты теуіп, суға түсіріп жібереді. Сосын Мэйв оны ұлымен бірге қайыққа отырып алып келмекші болады. Алайда олар айдынға шыққан кезде қатты жел тұрып, қайықты судың ағысымен алып кетеді.
Бұдан бұшрын жағалау күзеті ауа райының бұзылып кетуіне байланысты жоғалған әйел мен баланы іздестірудің тоқтатылатынын хабарлаған еді.
Мэйв Кеннеди – америкалық саясаткер және АҚШ-тың 1963 жылғы 22 қарашада қастандықпен атып өлтірілетін 35-ші президенті Джон Кеннедидің інісі Роберт Кеннедидің бұрын Мэриленд штатының губернаторы болған немересі.