Ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян комада қайтыс болды

МӘСКЕУ. 26 қыркүйек. Ресейлік режиссер Тигран Кеосян есін жинамаған қалпы жантәсілім етті. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Тигран Кеосаян НТВ арнасында «Международная пилорама» насихаттық шоуын жүргізіп, ресейлік оппозиция қайраткерлері мен шетелдік саясаткерлерге ашықтан-ашық тіл тигізді.
«Режиссер, продюсер және тележүргізуші Тигран Кеосаян қайтыс болды», деп хабарлады оның жұбайы, RT бас редакторы Маргарита Симонян 26 қыркүйек, жұма күні.
Кеосаян 59 жаста еді. 2025 жылдың қаңтарында Симонян күйеуінің клиникалық өлімді бастан өткергенін және содан бері жүрек ақауына байланысты комада жатқанын айтты.
Тигран Кеосаян – «советтік вестерн» деп аталып кеткен «Ұсталмайтын кекшілдер» шытырман оқиғалы фильмі мен оның жалғасын түсірген кеңестік режиссер Эдмонд Кеосаянның ұлы. Герасимов атындағы кинематография институтында (ВГИК) оқыды. Режиссер ретінде Кіші Тигран Кеосаян оннан астам фильм түсірді, оның ішінде «Кедей Саша» табысқа жетті, «Президент және оның немересі», «Тұңғиық үстіндегі қоян» сияқты комедиялар бар. Оның соңғы жұмыстарының бірі насихаттық бағытта түсірілген «Қырым көпірі. Махаббатпен жасалған» деп аталады.
Сондай-ақ әр уақытта РЕН ТВ, «Россия» және НТВ телеарналарында жүргізуші болып жұмыс істеді. Соңғы арнада ол ресейлік оппозиция қайраткерлері мен шетелдік саясаткерлерді ашықтан-ашық балағаттап«Международная пилорама» насихаттық шоуын жүргізді.
Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Тигран Кеосаян Астананың саясатына қатысты тым қатал мәлімдемелері үшін Еуропа одағы, сондай-ақ Ұлыбритания, Канада және Қазақстанды қоса алғанда, бірқатар басқа елдердің жеке санкцияларына ұшырады. ЕО Кеосаянға қарсы жаза қолдануды негіздей отырып, ол «Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне, сондай-ақ Украинадағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін немесе қауіп төндіретін әрекеттерді немесе саясатты белсенді түрде қолдауға немесе жүзеге асыруға жауапты» деп мәлімдеді.






