Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Бүгін Тоқаев телеарна арқылы мәлімдеме жасайды
АСТАНА. 31 наурыз. Бүгін Қазақстан Президенті телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдайды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
«Бүгін сағат 21:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасайды», – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.