SOS! Қызылордада індет жұқтырған тағы 10 адам шықты
АСТАНА. 31 наурыз. Қазіргі сағатта Қызылорда облысында тағы 10 адамның короновирус жұқтырып алғаны белгілі болып, оның бір тәулік ішіндегі саны 13-ке жетті. Бұл туралы «Хабар 24» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлады.
Сонымен, Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған адамдардың жалпы саны 18 болды. Ал бір тәулікте анықталған 13 адамның 10-ы Жаңақорған ауданынан болып шықты. Олардың да дені бір отбасының мүшелері екен. Жалпы, облыстағы 18 науқастың 13-і Жаңақорған ауданынан болса, 5-і Қызылорда қаласының тұрғындары болып отыр.
Бұған дейін, таңертең ғана облыста бір тәулік ішінде 3 адамның инфекция жұқтырғанын белгілі болған еді. Ал артынша бұған тағы 10 адам қосылып, тәуліктік көрсеткіш 13-ке толды. Осыдан кейін өңір Астана мен Алматы қалаларынан кейінгі үшінші орынға шықты.
Қазақстандағы 14 сағат 30 минуттағы коронавирус жөніндегі эпидемиологиялық жағдай кезінде белгілі болған 11 деректің 10-ы Қызылорда облысынан, 1-і Павлодар облысынан шықты.
Осылайша республикадағы бүгінгі күнгі көрсеткіш 336 адамның инфекцияға ұшырағанын анықтады. Соның ішінде Астана қаласында мұндай – 175, Алматы қаласында – 82, Қызылорда облысында – 18, Қарағанды облысында – 13, Атырау облысында – 13, Ақмола облысында – 10, Алматы облысында – 8, Жамбыл облысында – 3, Шымкент қаласында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Ақтөбе облысында – 3, Солтүстік Қазақстан облысында – 2, Павлодар облысында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1.
Жазылып шыққан саны – 22, қайтыс болғандар – 2.
Қазір Қызылорда облысында коронавирустың кең етек алып кетпеуінің барлық жағдайлары қарастырылып жатыр.