Әбішев: Мемлекеттік тілдің беделі бұдан әрі тек биіктей береді

АСТАНА. 11 қыркүйек. Белгілі саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұдан кейін Қазақстанда мемлекеттік тілдің беделі мен қолданыс ауқымы арта беретінін айтты. Бұл туралы Orda.kz ақпарына жүгінген rast,kz хабарлайды.
Жақында Ресейдегі елші Дәурен Абаев ел халқының 95 пайызы орыс тілінде сөйлейтінін мәлімдеп, оны артықшылық деп атаған еді. Ал Ғазиз Әбішев бұл тұжырыммен оншалықты келіспейді. Оның пікірінше, елдегі нақты жағдай елші езгілеп отырғаннан. біршама басқаша көрінеді.
Қазақстандағы орыс тілінің рөлі мен Абаевтың сөздері туралы ойларын сарапшы өзінің телеграм-арнасында талқыға салды. Ол мұнда Абаевтың сөзінде көрші елге адалдық пен екі тілділікті ұстану көрінісі байқалатынын алға тартты.
«Халықтың 95 пайызы орыс тілін түсінуі мүмкін, себебі барлығы немесе барлығы дерлік орыс тіліндегі контентті – мультфильмдерді, фильмдер мен сериалдарды, YouTube бейнелерін, тик-токтағы роликтерді және т.б. пайдаланады. Бірақ шынайы мемлекеттік тілге келсек, бұл басқа мәселе. Менің ойымша, тек қана қазақ тілін білетін және орыс тілін білмейтін халықтың үлесі едәуір өсті. Субъективті түрде олар халықтың кемінде 10-12 пайызын құрайды және бұл үлес жылдан жылға өсе түсуде. Алдағы жылдары олардың саны салыстырмалы топтан асып түсуі мүмкін, яғни қазақша толық түсінетін, бірақ толыққанды мазмұнды әңгіме жүргізуге дайын емес адамдардан», – дейді саясаттанушы.
Сарапшы сонымен қатар елшімен екі тезисте келісетінін айтады. Бірінші, мемлекеттік тіл – қазақ тілі және ол басым қолдауға ие болуы тиіс. «Мен бірнеше жылдан бері фильмдерді қазақ тіліне дубляждау және кинотеатрларды «мемлекеттік тілде немесе түпнұсқа тілге» аудару қажеттігі туралы айтып келемін. Адамдар әрдайым қазақша ғана сөйлеп, орыс тілін аса білмейтін Қызылордада шетелдік фильмдер орыс дубляжында түсірілсе, бұл түсініксіз әрі күлкілі бола еді».
Екінші, әзірше орыс тілі шынымен де кейбір ортада бәсекеге қабілеттіліктің белгісі болып саналады. «Әлемдік желідегі тілдердің рөліне, географиялық карталарға, Қазақстан экономикасының құрылымына және оның келешегіне, көршілердің тәжірибесіне қараңыз. Алдағы 10-15 жылға болжам жасаңыз. Сонда бәрі де түсінікті болады», – дейді Әбішев бұдан әрі.
«Швейцарияның, Израильдің және Сингапурдың мысалдары көптілділік – қазіргі заманғы мемлекет үшін қалыпты әрі тұрақты үлгі екенін көрсетеді», деп санайды ол.
Бұл ретте ол тілдік пікірталастардағы радикалды ұстанымдарды сынға алды.
«Өкінішке қарай, жекелеген белсенділер, қоғам қайраткерлері, тіпті саясаткерлер үшін мемлекеттік тілді қолдау орыс тіліне қарсы тұрудың баламасына айналды. Бұл, әрине, әділетсіз. Қазақ тілі өз бетінше дами береді және іс жүзінде орыс тілі оған кедергі бола алмайды. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қазақ тілін белсенді түрде сөйлейтіндер саны 7-8 есеге өсті, бұл – адамзат үшін рекордтық қарқын».
Әбішевтің пікірінше, тіл ортасын дамыту алдағы 15-20 жылда барлық белсенді азаматтардың қазақ тілін жоғары деңгейде меңгеруіне әкеледі. Бұл ретте қоғам тек қазақ тілінде сөйлейтіндер және қазақ, орыс және/немесе ағылшын тілдерін білетіндер болып екі негізгі топқа бөлінеді.
«Ағылшын тілі әлемдік аренада қуаттырақ болады, бірақ орыс тілін тек осы тілді түсінетін елдерде ғана қолдануға болады», – деп сөзін тиянақтайды Ғазиз Әбішев.
Orda.kz сайтының жазуынша, жақында редакциясының қарауына орыс тілі мүлдем аталмаған «Жаңа Конституция» жобасы келіп түскен. Құжат сондай-ақ елдің атын Қазақстан деп өзгертуді, президенттік мерзімді бес жылға дейін қысқартуды және сенатты таратуды көздейді.





