25 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Путин кеше түнде эфирге шығып, «Ресейдің тағдыры» жөнінде сөйледі

27 Маусым 2023 08:32
- Жаңалықтар, Қайнар
Путин кеше түнде эфирге шығып, «Ресейдің тағдыры» жөнінде сөйледі
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 27 маусым. Түнде РФ президенті Владимир Путин 5 минуттық үндеумен эфирден көрініп, «Ресейдің тағдырын анықтау» деген сияқты бірдеңелер төңірегінде көңірсітті. Бұл туралы ресейлік ресурстар дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Үндеу Мәскеу уақытымен 19:30 шамасында оқылды.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзіне қарағанда, Владимир Путин 5 минут қана сөйлеп, «Ресейдің тағдырын» анықтап берген.

Ресей диктаторы өзі билік тізгінін ұстағалы бергі уақыттар аралығында бірінші рет орын алып отырған ең ірі қарулы қарсылықтан кейінгі «тарихи» үндеуінде бұдан алдын көсілтіп келген мыжымалары болмаса, жаңадан жанынан шығарып, ештеңе айта қойған жоқ. Мұндағы жалғыз ғана жаңалық бүлікке қатысқан «вагнершілердің» Беларуське кету мүмкіндігін расқа шығару ғана болды. Оларға бұған альтернатива ретінде РФ қорғаныс министрлігімен шартқа отыру (Пригожиннің жан-тәнін салып қарсы шыққан нәрсесі) немесе қызметтен шығу ұсынылады.

Путин бұдан бөлек, «Вагнер» ЖӘК жалдамалыларының басым бөлігі патриоттар екенін атап өтті. «Олар арандатуға еріп қателесті, бірақ кешірім жасалды», – деді сосын.

Путин сондай-ақ бұрынғы сотталғандармен шайқаста ұшқыштардың қаза тапқандарын мойындады. «Бүлікті ұйымдастырушылар өз халқын сатып кетті» дегенді қосты соңынан.

Диктатор бұл жерде де Батыс пен Киевті ауызға алмай тұра алмады. Кремль қожайының ойынша, ресейлік әскерилердің бірін бірі атып өлтіріп жатқанына солар кінәлі екен.

Айтқандай, «дядя Вова» өзінің 5 минуттық сөзінде «дядя Женяның» атын бір рет те атамай кетті. Шамасы, бұл оның Пригожинге қатты өкпелеп қалған түрі болса керек.

Еске сала кетейік, прокси-бүлік 23 маусым күні кешке басталды. Ол «вагнершілердің» далалық лагерьлерін РФ армиясының Шойгу мен Герасимовтың бұйрықтары бойынша (екеуінің бұл турасында ымыраласып жатқаны жазылған аудиожазба тарады) атқылауынан кейін көтерілді. Алайда Путин тек 24 маусым күні ғана көпшілік алдынан көрінді. Осыдан кейін кешке қарай Пригожин Мәскеуге жорықтың тоқтатылғанын жария етті.

Кремльге жақын адамдар ресейлік элитаның өз президентттерінен әбден түңіліп, түбегейлі көңілдері қалғанын айтып отыр.

Батыс баспасөзі сонымен бірге Пригожиннің Путин беделін «нөлге» айналдырып, РФ армиясының мүлде дәрменсіз екенін көрсетіп кеткенін жарыса жазып жатыр.

 

 

Таңбалар: беделбүлікВладимир Путинүндеу

Ұқсас мақалалар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026
Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды
Дәулет

Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды

28.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist