Трамп Украинаға Ресей жеріне қашықтан соққы беруге рұқсат етті

УАШИНГТОН. 25 тамыз. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей территориясына алыстан соққы беруге тыйым салатын шектеуді алып тастады. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украинаға жақтас пиғылдағы республикашыл сенатор Линдси Грэм АҚШ президентінің Ресейге қатысты аса маңызды шешім қабылдағанын жариялап, агрессор мемлекетке қарсы салынатын жаңа деструктивті санкцияларды атап өтті.
АҚШ президенті Дональд Трамп сонымен қатар және ең бастысы – Украинаға Ресей аумағындағы әскери нысандарды алыс қашықтықтағы зымырандармен атқылауға рұқсат беруді жоспарлап отыр. Мұның жайын All Israel News телеарнасына берген сұхбатында Оңтүстік Каролинадан республикашыл сенатор Линдси Грэм айтты.
Оның айтуынша, мұндай шешім Киевтің шабуылға шығып, Мәскеуге бұдан да ауыр зиян келтіруі үшін қажет. «Украина Путинге қысым көрсете алатын болуы тиіс, әйтпесе дипломатиялық қысым мен санкциялар соғысты жеделдетіп аяқтауға оң нәтиже бермейді», – деп атап өтті сенатор.
Бұған қосарымыз, Трамп мұның алдында бірнеше рет соғыста өзің шабуыл жасамай жеңіске жетуің мүмкін емес екенін еске салған еді. Бұл Ақ үй басшысының Ресей-Украина соғысы контексінде бұрын-соңды айтылмаған жаңа риторикасы болды.
Грэм Ресей лидерінің Аляскадағы кездесуде бірқатар мәселеде келісімге келгенін баяндады, бірақ олардың қандай жеңілдіктер екені түсініксіз болып қалып отыр, себебі, Мәскеудің тек қысым жасалған кезде ғана аяғын тартатыны айғақ болып қалған.
Сенатор мұнымен қатар, егер Кремль Украинадағы қанқұйлы соғысын тоқтатпайтын болса, Ресейге қарсы «күйрете» соққы беретін экономикалық санкциялар енгізу жөнінде заң жобасы дайындалып жатқанын айғақтады. Құжат сондай-ақ Қытай мен Ресей мұнайын сатып алуды жалғастырып келе жатқан елдерге шектеулер енгізу жайын да қарастырады.
Айта кетуіміз керек, Грэм бұған дейін де бірнеше рет аталмыш заңның әзірленіп жатқанын баяндаған еді, алайда РФ-ға қарсы санкциялар енгізу мәселесі ұдайы кейінге қалдырылып келді.






