ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Полицейлер жол апатының алдын алу шараларын жасап жатыр (видео)

ҚЫЗЫЛОРДА. 19 тамыз. Қызылордада полицейлер жол апатының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын мықтап қолға алуға кірісті. Бұл туралы Polisia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Қызылорда облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

Тәртіп сақшылары осы мақсатта Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент тас жолының бойында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Жүргізушілерге ара қашықтықты сақтау, жылдамдықты асырмау, жолда шаршаған жағдайда міндетті түрде демалып алу қажеттігін ескертіп, жол қауіпсіздігін сақтауға шақырды.

Шара барысында полицейлер айдаушылармен профилактикалық сипатта әңгіме жүргізіп, жадынамалар таратты. Шаршау деңгейін анықтау үшін медициналық тексеруден өтуді ұсынды.

Профилактикалық іс-шара кезінде жүргізушілердің жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін сақтауына, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне, сондай-ақ, барлық қажетті рұқсат құжаттарының болуына баса назар аударылды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге тек көліктің техникалық жағдайын ғана емес, өздерінің денсаулығын да бақылап отыру қажеттігін ескертті.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button