«Ходорковский» арнасы РФ-ның Қазақстанды жаулап алатынын жазды

ЛОНДОН. 15 тамыз. Қазір Лондоннан хабар тарататын «Ходорковский LIVE» ютуб-арнасында Ресейдің Қазақстанға басқыншылық соғысының қалай басталатыны жайлы сөз қозғалды. Бұл туралы Orda.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Ходорковский LIVE» арнасы 11 тамыз күні «Досье» орталығының жаңа подкасымен шықты. Онда Ресейдің басқыншы армиясының Украинадан кейін Қазақстанды қалай жаулап алуды жоспарластырып қойғаны турасын баяндайтын видеоролик жарияланған. Ол Ресей бас барлау басқармасының (ГРУ) қолды болған құжаттарына сүйеніліп жазылыпты-мыс. Бұл материалдар ГРУ-дың Қазақстанға ықпал етуінің барлық жоспарларын жарыққа шығарып жібергенге ұқсайды.

Осыған орай Orda.kz интернет басылымы онда айтылған түйінді тезистер мен бірқатар сарапшылардың пікірлерін көпшілік назарына ұсынады. Онда осы ресурстың бас редакторы Гүлнар Бажкенованың да көзқарасы берілген.
«Ходорковский LIVE» арнасында Ресеймен арада жеті мың шақырымдық ортақ шекарасы бар Қазақстан Украинадағы соғыстың үш жылы бойына Кремльмен достық дәстүрі және Қытаймен һәм Батыс елдерімен әріптестік қарым-қатынасы арасында маневр жасап, тіршілік етіп келе жатқаны айтылады.
«Тоқаев пен Қазақстан ресейлік әскери қылмыстарды қабылдауды ДХР мен ЛХР мойындамауды біріктіреді. Путиннің «сұр» импортына көмектесе отырып, Қазақстан Еуроодақтың санкциялық саясатын ұстануға уәде береді. Тоқаев пен Қазақстан сондай-ақ ресейліктердің соғыс қылмыстарын түсіністікпен қабылдау мен ДХР және ЛХР деген жасанды құрылымдарды мойындамауды да өзара үйлестіре ұстап отыр. Путинге «сұрғылт» импортты жеткізіп тұруға көмектесіп келе жатқан Қазақстан сонымен қатар Еуропа одағының санкциялық саясатына да құлақ асуды естен шығармауға ұдайы уәде беруде», – деп хабарлайды арна.
«Астананың мұндай жағдайды ұстануы ақыр соңында Мәскеудің өзінің шамына тие бастады. Мұның шынында солай екенін Ресей әскери барлау қызметінің «Досье» орталығының уысына түсіп қалған кейбір құжаттары айғақтайды. Кремльдің сөз жүзінде әлі де «стратегиялық әріптес» деп атап келе жатқан республикасында ГРУ-дың наразылық қозғалыстары тудыратын, жергілікті элитаны жемқор ету жолдарын зерттейтін және Қазақстанның солтүстік көршіден алшақтауын сынайтын сарапшыларды қаржыландыруға қабілетті жергілікті саясаткерлерді іздеуші агенттері қаптап жүр», – делінген бұдан әрі.
Ресей әскери барлауындағы мұндай жанжалды қоздырушы кім және ол неге керек? Украинаға жасалып жатқан басқыншылық соғыстан кейін қауіптің бұлты Қазақстанның үстіне үйіріле ме? Егер бәрі соған қарай келе жатса, ГРУ-дың Қазақстандағы диверсиялық әрекеттерін осы кезге дейін неге ешкім байқамай отыр? Осыған орай арна тілшілері Илья Рождественский мен Владимир Роменский қазір Қызылжарда (Петропавл) болып жағдайлардың астары мен жапсарына үңіледі.
Арнаның баяндауынша, Ресейдің әскери барлау қызметі Қазақстанды өз ықпалы жүру үшін ашса алақанын да, жұмса жұдырығында ұстай аламыз деген тоқтамға ұйып отыр. Жарияланған құпия құжаттарға қарасақ, бұл мақсатқа жету үшін олар бар күшін салмақшы. Тәуелді медиалардан бастап, саясаткерлерді сатып алуға дейін баруы мүмкін. Бас барлау басқармасы жоспарында Кремльге тиімді тарихи көзқарасты насихаттау, саяси тұлғаларды қаржыландыру, спорт пен мәдениетті «жұмсақ күш» ретінде пайдалану, сондай-ақ бірлескен жобалар мен заңсыз сауда сызбалары арқылы экономиканы пайдалану мәселесі де бар.
Хабарда айтылған деректерге қарасақ, Украинаға басып кіргеннен кейін барлау басқармасында арнайы диверсиялық, ақпараттық шабуылдар және жеке әскери компаниялармен жұмыс істейтін бөлім құрылған. Ал құрылымды қазақстандық барлау қызметінің ардагері полковник Денис Смолянинов басқарады. Ол 2023 жылы Астанада Ресейдің жағымды бейнесін қалыптастыруға және этносаралық қақтығыстар туралы хабарламаларды дискредитациялауға, кінәні Украина мен Батысқа аударуға арналған қоғамдық бірлестік пен БАҚ құру жоспарын алған.
Құжатта тағы ресейлік жоғарғы оқу орындарының қатысуымен Қазақстанда этнологиялық зерттеулер ғылыми орталығын құру жоспары да бар. Оның міндеттері жергілікті сарапшылық ортаға ықпал ету, Кремльге тиімді тарихи түсінікті ілгерілету және отарсыздану процестерін тежеу болмақ. Сараптама қорытындысында Қазақстан ғалымдары элитаға қол жеткізе алатын «төмен жалақылы, бірақ өте білімді адамдар» деп жазылған.
Құрылымды «Росатом» мен Сергей Кириенконың айналасындағылар қаржыландырады:
«Мұндай әдіс қазір жүрмейді. Назарбаевтың кезінде ғылым тек қара нан мен қара сумен күн көрсе, Тоқаевтың кезінде ғылымға көңіл бөліне бастады. Ғылымға инвестиция салынып, ғалымдардың жалақысы мен гранттар өсті. Ал ресейлік қаржыға қазір қызығушылық өте төмен», – деп түсіндірді бұл оқиғаға қатысты тарихшы Сәбит Жақсылықов.

Барлау басқармасы Ресейдің Қазақстанға ықпалын күшейту жөніндегі ұсыныстарының қатарында «Жасампаздық экожүйе» жобасы бар. Оның авторы жазушы және идеолог Александр Кашанский. Жоба тұжырымдамасында «русофобияға қарсы күрес», «әлемдік басқаруды денцентрализациялау», «Ресейдің рухани миссиясы» айтылады.
«Біз Кеңес Одағының әлеуметтік жағдайын ғана сағынамыз. Тегін медицина, тегін білім беру. Сағыныш әлі күнге дейін бар. Бірақ бірақ саяси режимге емес және қайта бірігу, үлкен империяның бір бөлігі болу емес», – деді саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиев.
Сондай-ақ, тарап кеткен құжат бойынша барлау басқармасының жоспарында қазақстандық элиталарды ақшамен сатып алатыны жазылған. Мысалы, Украинаға басып кіруді қолдаған бұрынғы кәсіподақ қайраткері, коммунист Айнұр Құрманов. Оған айына 5 мың еуро бөлу ұсынылды.
Журналист Лұқпан Ахмедияровтың пікірінше, Құрманов қазірдің өзінде көптің есінде жоқ.
«Ленин сияқты броневикке мінсе де, оның пікірі басты нәрсе болмайды. Оны жастар білмейді, ал Қазақстанда коммунистік күн тәртібі әлдеқашан өзектілігін жоғалтты», – деді Лұқпан Ахмедияров.
РФ ықпалын жүргізу жөніндегі басқа бастамалар арасында Алматыдағы құпия америкалық биозертханалар тақырыбын жандандыру және самбо мен кір тасын көтеру спортын «Ресей әлемін» ілгерілету ретінде пайдаланады. Олардың дамуы Ресеуге оң көзқараспен қарайтын адамдардың санының артуына көмектеседі.
Дегенмен, біздің мамандардың пікірінше, спорттық жобаларды саясиландыру кері әсерін береді.
Барлау басқармасының құжаттарында Қазақстанның соғысқа араласуы екіталай екені айтылған. Көптеген жобалар ескірген немесе тиімсіз болып көрінеді. Бірақ агентураның мұндай жұмысы да дағдарыс сәтінде рөл атқарып кетуі мүмкін. Ондағы басты мақсат жасырын қысым арқылы Қазақстанды Ресейдің ықпалында ұстау.
«Мәскеулік кураторларға, идеологтарға Қазақстанда жұмыс істеу оңай емес. 2022 жылдан кейін кремльшіл бағыт қиындай бастады. Егер сен оны қолдасаң, басыңды бәйгеге тігесің деген сөз», – деді Гүлнәр Бажкенова.






