18 Қазан, 10:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Қайрат» өз тарихында тұңғыш рет ЧЛ плей-офф кезеңіне шықты

13 Тамыз 2025 02:23
- Жаңалықтар, Сайыс
«Қайрат» өз тарихында тұңғыш рет ЧЛ плей-офф кезеңіне шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРАТИСЛАВА. 13 тамыз. Алматының «Қайрат» футбол командасы Братиславаның «Слованын» пенальти сериясы бойынша ұтып, Еуропа чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы Tengri Sport ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Алматылықтар матчтың негізгі бөлігінде алаң иелерінен 0:1 есебімен ұтылды. Мұның алдында Алматыда өткен кездесу де осындай есеппен қайраттықтар пайдасына шешілген еді. Сондықтан матч әуелі овер-таймға ұласты. Бірақ онда да осы есеп өзгермеді. Ал онбірметрлік айып тобы дүрмегінде қонақтар сәттірек өнер көрсетті.

«Қайрат» пенальти сериясында нағыз суперкамбэк жасады. Бірінші соққыны мүлт жіберген команда ойыншылары бұдан әрі бірде-бір рет қателеспей, ұтып шықты. Соққыны алаң иелері бастады. Соңғы соққыда словандық мүлт кетсе, қайраттық қақпа торын дәл көздеді. Сөйтіп, алматылықтар 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Командалар алаңға мына старттық құрамда шықты:

«Слован»: Такач, Блэкмен, Кашия, Виммер, Сандру Круш, Байрич, Толич, Вайсс, Барсегян, Мак, Стрелец.

«Қайрат»: Заруцкий, Луиш Мата, Мартынович, Сорокин, Тапалов, Арад, Громыка, Глэйзер, Жоржиньо, Эдмилсон, Сәтбаев.

Матчтың басында «Қайрат» басым ойнады. Оның қауырт шабуылдары алаң иелерін тығырыққа тірей берді. Сондай сәттердің бірінде Жоржиньо тепкен доп маңдайшадан қайтты.

Алаң иелері өздерінің жалғыз голдарын 30-минутта салды. Қайраттық қорғаушының алға жөнелткен добын «Слованның» жартылай қорғаушысы Марко Толич жолай қағып тоқтатып, қарсы шабуылды бастады. Оның жеделдете айып алаңына жеткізген добына егелік еткен Роберт Мак алыстан соққы жасап, есеп ашты.

Қонақтар бұдан кейін біраз уақыт ойын тізгінін қолына алып, жағдайды түзетуге күш салып еді, бірақ оларынан нәтиже шықпады.

Екінші таймның басында «Слованның» армян жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян алаң ортасымен шабуылдап келіп, допты Роберт Макқа бере салып еді, бірақ ол қақпа бағанын көздеді. Одан қайтқан допты қақпашы Александр Заруцкий қағып алды.

Осы күні 17 жасқа толған Дастан Сәтбаев 86-минутта жауап доп соғатындай мүмкіндікке тап келді. Ол грузин Гиоргий Зариа берген доппен «Слован» голкипері Доминик Такчпен бетпе-бет келіп қалды. Алайда оның тепкен добын дарбазашы қағып алды.

Пенальти сериясында мынадай нәтижелер тіркелді:

«Слован»: Марко Толич – салды, Петер Покорный – салды; Николай Кухаревич – салды; Ален Мустафич – қақпашы қайтарды; Тигран Барсегян – қақпа жанынан жіберді.

«Қайрат»: Валерий Громыка – қақпашы қайтарды; Александр Мартынович – салды; Рикардиньо – салды; Егор Сорокин – салды; Жоржиньо – салды.

Осылайша «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу раундынан плей-оффқа өтті.

Алматылықтардың осы жолғы қарсыласы Шотландияның «Селтигі» болғалы тұр. Бірінші матч 20 тамызда Глазгода ойланады, қарымта кездесу 26 тамызда Алматыда болады.

Таңбалар: Қайратпенальти сериясыплей-офф

Ұқсас мақалалар

АҚШ Мексикадан кейін екінші болып әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті
Жаңалықтар

АҚШ Мексикадан кейін екінші болып әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті

20.06.2026
«Челси» Дастан Сәтбаевтың болашағына қатысты жоспарын жария етті (видео)
Жаңалықтар

«Челси» Дастан Сәтбаевтың болашағына қатысты жоспарын жария етті (видео)

17.06.2026
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Миланда «Интерге» есе жіберді (видео)
Жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Миланда «Интерге» есе жіберді (видео)

06.11.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist