Зеленський: Украиналықтар басқыншыларға ешқандай жер бермейді

КИЕВ. 10 тамыз. Украина президенті Киевтің Украина территорияларынан бас тартуы шартымен Ресеймен бітімге келу мүмкіндігін жоққа шығарды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бұған дейін АҚШ лидері Дональд Трамп бейбіт келісімге келу барысында қалайда бір «территориялар алмасуы» орын алуы ықтимал екенін еске салып өткен еді.
Бірақ Украина президенті Володимир Зеленський Киевтің Мәскеумен келісімге келу үшін өзінің белгілі бір территориясынан бас тартуға дайын емес екенін бірден мәлімдеді. Ол бұл әңгімені 9 тамыз, сенбі күні өзінің Telegram-ында айтты.
«Украинаның территория мәселесіне қатысты жауабы Украина Конституциясында тұр. Украиндар өздерінің бір сүйем де жерін оккупанттарға бермейді. Бұл қағидаттан ешкім шегінбейді де, шегіне де алмайды», – деді Украина лидері.






