Путиннің некесіз қызы тұңғыш рет соғыс және әкесі туралы сөз айтты

МӘСКЕУ. 4 тамыз, РФ президенті Владимир Путиннің некесіз туған қызы Луиза тұңғыш мәрте әкесі мен соғыс жайында әңгімеледі. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Путиннің некесіз қызы алғаш рет соғыс және әкесі туралы айтып, ресейлік диктатордың «өз өмірін құртқанына» қатты реніш білдірді.
«Ол миллиондаған адамның өмірін жойып жіберіп, менің өмірімді бүлдірді» құртты деді Путиннің қызы Кремль диктаторына қарата.
Путиннің некесіз өмірге келген 22 жастағы қызы Луиза Розова (құжат бойынша – Екатерина Кривоногих) тасада жүрген жерінен жалғанның жарығына шығып, өзінің биологиялық әкесі, 72 жастағы Ресей диктаторы туралы ойларын ортаға салды. Ол өмірінде бірінші рет өзінің суреттерін әлеуметтік желіде ашық жариялап, «миллиондаған адамды жер жастандырған адаммен туыстық байланысы болғанына байланысты» тартып жүрген жан азабы мен жүрек ауыртар қиналыстары жөнінде толғады.
Мұның жайын журналист Ростислав Мурзагулов YouTube арнасында баяндады. Немістің BILD мәтбұғатының мәліметінше, бұл мәлімдеме Путиннің әрекеті мен Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын жанама болса да тікелей айыптау ретінде қабылданады.
Енді бойжеткен алғаш рет ашық селфилерін жариялап, жазбалардың бірінде: «Мен үшін әлемге өз бетімді қайта көрсету өте керемет. Бұл менің кім болып туылғанымды және менің өмірімді құртқан адамды, миллиондаған адамның өмірін қиып, менің өмірімді құртқан адамды күн сайын есіме түсіреді» деп жазды.
Шамасы, ол бұл жерде әкесінен аумай қалған өз келбетін меңзеп отырған сияқты. Расында әлеуметтік желілердегілер мен журналистер қыздың Путинмен бет әлпетінде айқын генетикалық ұқсастықтардың көп екенін байқайды. Алайда ол мұнда Путиннің атын тікелей атамайды.

Розова 2003 жылы 3 наурызда Санкт-Петербургте туған. Ресейлік БАҚ-тың зерттеуі бойынша, оның анасы Путинге жақын болған және қызы дүниеге келгеннен кейін байлығын күрт арттырған. Туу туралы куәліктегі «әке» бағанында сызықша бар, бірақ әкесінің аты «Владимировна» көрсетілген. 2022 жылы Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Луиза Францияға қоныс аударып, Ресейдегі қоғамдық өмірін аяқтайды. Соғысқа дейін ол әлеуметтік желілерде сәнді өмір салтын көрсеткені үшін жиі сынға ұшыраған, соның ішінде жеке рейстері, дизайнерлік киімдері, сәнді клубтарда диджей болып жұмыс істегені көпшілікке ұнамаған.
Ресей Украинаға жаппай басып кіргеннен кейін Розова елден кетеді. Ол өзінің жазбаларының бірінде сүйікті Петербургке енді қайтып орала алмайтынын және өзін «алтын торға» түскендей сезінетінін жазған. Сонымен бірге ол ұзақ уақыт бойы соғыс туралы немесе оның шығу тегі туралы айтпайды.






