Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Трамп: АҚШ Ресеймен ядролық соғысқа толығымен дайын

УАШИНГТОН. 2 тамыз. АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттардың Ресеймен ықтимал ядролық қақтығысқа сақадай сай екенін айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ақ үйдің қожайыны бұл мәлімдемені Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің қоқан-лоққыларына байланысты жасады.

«Медведев ядролық қару туралы сөз қозғай бастады ғой, ал ядролық қаруға келгенде біз дайын болуға тиіс едік. Ендеше, біз де бұған толық дайынбыз», – деді Трамп.

Айтуынша, Ресей тарапының мәлімдемелеріне жауап ретінде ол «өз халқын қорғау» үшін атом сүңгуір қайықтарын сол аймақтарға жақын маңдарға жедел орналастыруға бұйрық берген.

«Біз сақ болуымыз керек. Қауіп-қатер жасалды, біз мұны орынсыз әрекет болды деп ойлаймыз. Дегенмен мен өз қадамымыды халықтың қауіпсіздігі үшін жасадым», – деді Америка көшбасшы.

АҚШ президенті Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының жарияланымдарына жауап ретінде Ресейге жақын жерде екі ядролық сүңгуір қайық орналастыру шешімін жариялады. Ақ үй басшысы бұл жайында өзінің Truth Social желісіндегі ресми аккаунтында жазды.

«Мен Ресейдің бұрынғы президенті, қазір РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің барынша арандатушылық бағыттағы мәлімдемелері негізінде екі ядролық сүңгуір қайықты тиісті аймақтарға орналастыруға бұйрық бердім – егер бұл абайсыз айтыла салған жалынды сөздер емес болып шықса, бәрі қажет болады. Ал сөздер маңызды және жиі күтпеген салдарға әкеледі. Бұл жағдайда олай болмайды деп үміттенемін», – деп жазды Трамп.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button