17 Қазан, 18:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сәкен Полатов Азия боксының вице-президенті болып сайланды

2 Тамыз 2025 23:19
- Жаңалықтар, Сайыс
Сәкен Полатов Азия боксының вице-президенті болып сайланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАШКЕНТ. 2 тамыз. Өзбекстан бокс федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Полатов Азия боксының вице-президенті болып сайланды. Бұл туралы Kun.uz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Таиландта өтіп жатқан бокстан 19 және 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының аясында Азия конгресі ұйымдастырылды. Шара барысында жаңа басшылық құрамы жасақталды.

«Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасының орынбасары, еліміздің бокс федерациясы басшысының бірінші орынбасары, Азия бокс конфедерациясы атқарушы комитетінің мүшесі Сәкен Полатов Азия бокс конфедерациясының вице-президенті болып сайланды», – делінген хабарламада.

Полатов жаңадан құрылған Азия бокс конфедерациясы (Asian Boxing) атқару комитеті мүшелерінің отырысында үлкен басымдықпен жеңіске жетіп, ұйымның вице-президенті болып сайланды.

2019 жылдың сәуірінде Бангкоктағы ASBC Бас ассамблеясы барысында Сәкен Полатов ұйымның атқару комитетінің мүшесі болған еді. Ол 2020 жылдың желтоқсан айынан Азиядағы боксты дамытуға қолдау көрсету қорын басқарып келеді. Қорды ASBC президенті Анас Алотайба боксты Азияда насихаттау және болашақта табысқа жету үшін құрған. Сәуір айында Ташкентте өткен бокс кешінен кейін қор алғашқы отырысын Hilton қонақүйінде өткізді.

Сәкен Жетібайұлы Полатов – өзбекстандық қазақ. 1975 жылы Ташкент облысында туған. 2002 жылы Ташкент мемлекеттік медицина институтын бітірген. Бірақ оның спортқа деген құштарлығы тәбиб саласын басып кетті, сөйтіп, бұдан кейінгі өмірін боксқа арнады. Қазір елдегі спорт менеджерлері үздіктері қатарынан саналады. 2019 жылдан Өзбекстан Олимпиялық комитеті райысының орынбасары болып келеді.

Ол өзбек боксына зор еңбек сіңірді. Өзбекстан бокс федерациясының маманы Сардор Ташходжаев өзінің Инстаграмдағы парақшасында оған қолдау білдірген жазба қалдырды. «Сәкен Жетібайұлы бокс жаттықтырушысы ретінде өте көп жұмыс істеді. Оның білімі, қанықты көзқарасы мен байсалды шешімдері арқасында біз үнемі алға жылжып келеміз. Өзбек боксшылары табысының өзі көп нәрсені көрсетеді. Осылайша Сәкен Полатовтың басшылығымен Баходир Жалолов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды», – деп жазды ол.

Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті Сәкен Полатовты жаңа тағайындалуымен құттықтап, халықаралық аренадағы алдағы міндеттерді шешуде күш пен қуат тіледі.

Таңбалар: Азия федерациясыбоксСәкен Полатов

Ұқсас мақалалар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі
Жаңалықтар

Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

16.10.2026
«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?
Жаңалықтар

«Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

06.10.2026
Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді
Жаңалықтар

Боксшы Оралбай Азиада-2026-да командаға екінші алтын медаль алып берді

02.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist