ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Трамп ядролық сүңгуір қайықтарды соғысқа дайындауға бұйрық берді

УАШИНГТОН. 2 тамыз. Трамп Медведевпен қақтығыстан кейін ядролық сүңгуір қайықтарды жедел дайындауды тапсырды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің жарияланымдарына жауап ретінде Ресейге жақын жерде екі ядролық сүңгуір қайық орналастыру шешімін жариялады. Ақ үй басшысы бұл жайында өзінің Truth Social желісіндегі ресми аккаунтында жазды.

«Мен Ресейдің бұрынғы президенті, қазір РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің барынша арандатушылық бағыттағы мәлімдемелері негізінде екі ядролық сүңгуір қайықты тиісті аймақтарға орналастыруға бұйрық бердім – егер бұл абайсыз және жалынды сөздер жай ғана сөздер емес болып шықса, қажет болады. Ал сөздер маңызды және жиі күтпеген салдарға әкеледі. Бұл жағдайда олай болмайды деп үміттенемін», – деп жазды Трамп.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button