Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Аустрия Ресейдің салдарынан бейтараптықтан бас тартуы мүмкін

ВЕНА. 27 шілде. Аустрия Ресейден төнуі ықтимал қатерден қорыққаннан бейтараптықтан шығып, НАТО-ға қосылуыға ынта білдірді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Аустрия билігі НАТО-ға мүше болу мәселесін талқылауға және елдің конституциясында бекітілген бейтараптық мәртебесінен бас тарту мәселесін талқылауға дайын. Бұған себеп – Ресейдің агрессивті саясаты», – деп мәлімдеді елдің сыртқы істер министрі Беата Майнл-Райзергер.

Ол мұны 26 шілде, сенбі күні алманның (немістің) Die Welt газетіне берген сұхбатында айтты.

«Бір ғана бейтараптық бізді енді қорғай алмайтыны анық. Жаһандық қауіпсіздік пен Ресейдің агрессиві барған сайын түсініксіз болып бара жатқан жағдайында Аустрияны біздің қорғаныстағы мүмкіндіктерімізге салған инвестициямыз, сондай-ақ әріптестік қарым-қатынастарымыз ғана қорғай алатыны айқындалып келеді», – деді Майнль-Райзингер.

«Негізі, мен Аустрияның қауіпсіздік және қорғаныс саясатының болашағы жайын қоғамдық талқылауға дайынмын. Қазіргі уақытта парламентте немесе халық арасында НАТО-ға мүше болу үшін көпшілік дауыс болмаса да, мұндай талқылау өте жемісті болуы мүмкін», – деп жалғастырды министр.

Аустрия өзінің бейтараптығын 1955 жылы жариялаған еді. Соған байланысты ол жақтан одақтас әскерлерін шығарды. Соның ішінде КСРО да болды. Бұл кезде Аустрия өз тәуелсіздігін алып, конституцияда «тұрақты бейтараптық» туралы ереже бекітілген еді. Аустрия НАТО-ның мүшесі емес, бірақ, мысалы, «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы аясында альянспен ынтымақтас.

2023 жылдың мамырында Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Венаны «бейтараптық қағидаттарынан бас тартты» және «Батыстың Ресейге қарсы дұшпандық саясатын сөзсіз жақтайды» деп айыптады. 2025 жылдың 24 шілдесінде Захарова бұл бағалауды қайталап, Аустрия арқылы Украинаға «Батыс елдерінен қару-жарақтың тоқтаусыз өтетініне» назар аударды.

Мейнл-Райзинджер 2025 жылдың наурыз айының басынан бастап консервативті Аустрия халық партиясы және Аустрияның социал-демократиялық партиясымен жаңа басқарушы коалицияға кірген либералды Neos партиясын басқарады. Ол 14 наурызда Киевке барып, Украинаға қолдау білдірді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button