ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Ресей Қазақстандағы православие шіркеуінің атауын өзгерттірмекші

МӘСКЕУ. 26 шілде. Ресей Қазақстандағы православие шіркеуінің атауын өзгертуді талап етіп отыр. Бұл туралы Ulysmedia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мәскеу Қазақстанда «Орыс православие шіркеуі» деген атау қолданылуы керек деп есептейді.

ҚазТАГ-тың жазуынша, Мәскеу патриархаты Қазақстандағы православие шіркеуінің атауын өзгерту туралы шешім қабылдаған. Шіркеудің атауында міндетті түрде «Орыс православие шіркеуі» деген тіркес болуға тиіс. Бұл талап шіркеу құрылымының Мәскеу патриархатына бағынатынымен түсіндірілген.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы православие шіркеуі ресми сайттарда, жаңалықтарда және күнделікті қолданыста өзін «Қазақстан Республикасындағы митрополиттік округ» деп атайды.

«Егер жоғарыда аталған канондық құрылымдардың атауларында тиісті сөз тіркестері көрсетілмесе, оларды осы шешімге сәйкес келтіріп, өзгерту қажет», – дейді Орыс православие шіркеуінің өкілдері.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button