АҚШ сенаторы: Украина соғысын түбегейлі бетбұрыс күтіп тұр

УАШИНГТОН. 14 шілде. АҚШ сенаторы Линдси Грэм жақын арада Украинадағы соғыстың шұғыл бетбұрыс алатынын мәлімдеді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресей президенті Владимир Путинді келіссөзге көндірмекші болған АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше ай бойы ашық ұстаған есік енді жабылып қалуы ықтимал. Солай болатыны да анық. Мұны шілденің 13-і, жексенбі күні АҚШ Сенаты бюджет комитетінің республикалық төрағасы Линдси Грэм CBS News арнасындағы «Face the Nation with Margaret Brennan» бағдарламасында айтты.
Грэм Трампқа Ресей экономикасына ғана емес, сонымен бірге «Путиннің соғыс машинасын қолдайтын» барлық елдерге де соққы беретін санкциялар туралы заң жобасына Сенаттың 85-ке жуық мүшесі дауыс беруге дайын екенін еске салды. Ықпалды сенатордың айтуынша, бұл санкциялар пакеті АҚШ президентіне «Ресейге көмектесетін және Путиннің соғыс машинасын қолдайтын кез келген елге 500 пайыздық баж салығын енгізуге» мүмкіндік береді. «Ол (Дональд Трамп. – ред.) тарифтерді көтере алады немесе төмендетеді. Ол тарифтерді 0%-дан 500%-ға дейін белгілеп тұрады. Ол барынша икемді. Бірақ біз Путинді қолдайтын адамдардың соңына түсеміз және Ресейдің өзіне қосымша санкциялар саламыз. Бұл шынымен де президент Трамптың осы соғысты тоқтату үшін қолында бар сойылын соғатынын көрсетеді», – деді Линдси.
«Мен жақын күндері Украинаның өзін өзі табысты қорғауына көмектесетін бұрын-соңды болмаған көлемде қару-жарақ жеткізілгенін көресіздер деген үміттемін. Алдағы күндері президент Трамптың қолында бұрын-соңды болмаған тарифтер мен санкциялар болады деп күтемін. Алдағы күндері Украинаға көмектесу үшін Еуропадан үлкен қолдау күтемін», – деді ол сол сұхбатында.
Өткен аптада республикашыл Линдси Грэм және санкциялар туралы заңның тағы бір авторы, демократ сенатор Ричард Блументаль Украина президенті Володимир Зеленськиймен Рүмде Украинаны соғыстан кейінгі қалпына келтіру конференциясы аясында кездесті. Кейінірек соңғысы сенаторлардың санкциялар туралы заң жобасын жоғары бағалады. «Бұл, сөз жоқ, бейбітшілікті жақындататын және жақындататын және дипломатияның босқа кетірмейтін тұтқа», – деді ол.
Блюменталь 13 шілде күні CBS News эфирінде атап өткендей, Рүмде өткен конференцияға қатысушы Еуропа елдері басшыларының бәрі Ресейді «санкцияның балғасымен тап қазір ұру» керек екенін жақтады.
Сонымен бір мезгілде, Линдси Грэм АҚШ-тың Украинаға қосымша қолдауы туралы сұраққа жауап бере келіп, Трамп 14 шілдеде жасайды деп күтілген мәлімдемені меңзеп, «Американың Украинаға көмектесу үшін қару сатады деген идеясы өте жоғары бағаланғанын» атап көрсетті.
Мәскеу Украинадағы атысты тоқтату келісімінен бас тартқан жағдайда күшіне енетін Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы заң жобасын 1 сәуірде республикашыл Линдси Грэм мен демократ Ричард Блументаль бастаған екі партияның 50 сенаторы ұсынған болатын. Құжатта Ресейдің мұнай, газ, уран және басқа да өнімдерін сатып алатын елдердің АҚШ-қа импортталатын тауарларына 500%-ға дейін баж салығын салынатыны атап көрсетілген.
Бұдан бұрын Грэм мен Блументаль Ресейге қатысты бірлескен заң жобаларын ұсынған болатын. 2022 жылдың қыркүйегі мен 2024 жылдың маусым айларында олар Ресей Федерациясын терроризмнің мемлекеттік демеушісі ретінде тануды алға тартты. 2025 жылдың наурызында олар Ресейдің тыйым салынған активтеріндегі 300 миллиард доллардан астам қаражатты тәркілеуге және оларды Украинаға беруге шақырды. Бірақ әзірге бұл бастамалардың барлығы да орындалмады.
Суретте: Грэм, Зеленський, Блументаль






