17 Қазан, 15:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Перизат Қайрат сотқа Бауыржан Байбекті шұғыл жеткізуді талап етті

14 Шілде 2025 21:30
- Жаңалықтар, Құқық
Перизат Қайрат сотқа Бауыржан Байбекті шұғыл жеткізуді талап етті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 14 шілде. Қайырымдылық қорының қаржысын жымқырды деп айыпталған Перизат Қайрат сот процесіне «Нұр Отан» партиясының бұрынғы бас шенеунігі Бауыржан Байбекті келтіруді ұсынды. Бұл туралы Orda.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды. Айыптау актісі жарияланғаннан кейін ол кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.

«Мен айыптау актісімен келіспеймін. Онда келтірілген дәлелдер негізсіз. Тергеушілердің қиялы үшін жауап бере алмаймын. Алдағы сот отырыстарында бұл айыптауларға жауап беремін», – деді сот залында Перизат Қайрат.

Ол сондай-ақ «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін өз бастамасымен өз бетінше құрмағанын баяндады.

«Айыптау актісінің алғашқы азатжолында менің анаммен бірге қор құрғаным және құжаттарды қолдан жасағаным айтылған. Алайда бұл қор бастапқыда партия бастамасымен, нақтырақ айтқанда, Бауыржан Байбектің жетекшілігімен құрылған. Құрылтайшылар қатарында мен ғана емес, партияның бұрынғы және қазіргі өкілдері де бар», – деді ол.

Сот отырысында Перизат Қайрат Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекті сотқа шақырып, одан жауап алуды талап етті.

Бұған дейін прокурорлар Арман Кезекен мен Мәдина Оразалина айыптау актісін жария еткен болатын. Онда Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның аса ірі көлемде алаяқтық және алдын ала сөз байласу арқылы ақшаны заңдастыру бойынша айыпталып отырғаны атап өтілген.

 

Таңбалар: Бауыржан БайбекПеризат Қайратсот процесі

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Бауыржан Байбектің құны 90 млн теңгелік сағаты қолды болған

05.09.2026
Бишімбаевқа қатысты соттың аяқталатын күні аян болды (видео)
Жаңалықтар

Бишімбаевқа қатысты соттың аяқталатын күні аян болды (видео)

24.04.2024
Бишімбаев соты қылмыстық іс материалдарын қарауды қолға алды (видео)
Жаңалықтар

Бишімбаев соты қылмыстық іс материалдарын қарауды қолға алды (видео)

10.04.2024

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist