Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Украинаны қалпына келтіруге 10 миллиард еуро жұмсалатын болды

РҮМ. 10 шілде. Украинаны соғыстан кейін қалпына келтіру жөніндегі 4-ші халықаралық конференция Киевке осы мақсат үшін 10 миллиард еуродан аса қаржы бөлетін болып шешті. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Рүмде 10-11 шілде күндері өтіп бітетін Украинаны соғыстан кейін қалпына келтіру жөніндегі 4-ші халықаралық конференцияға қатысушылар Киевке көмек көрсету үшін 10 миллиард еуродан астам қаражат бөлуге уәде берді. Мұның жайын Италия премьер-министрі Джорджия Мелони 10 шілде, бейсенбі күні айтты.

«Менің ойымша, біз – елдер, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары, жергілікті билік органдары, бизнес секторы және азаматтық қоғам бүгін бірге қол жеткізген нәтижемізді мақтан тұтуымыз керек», – деді Мелони. «Бүгінгі конференцияда біз бірге жалпы сомасы 10 миллиард еуроны құрайтын міндеттемелер қабылдадық», – деді ол.

«Джорджия Мелони Ресейдің басқыншылар армиясының украин жерінде шіркеулер мен мұражайларды қиратып тастағандарын қатаң сынға алды», деп жазады KNA агенттігі. Бұл мәдени құндылықтар ортақ еуропалық мұраның бөлігі болып табылады және қалпына келтірілетін болады, деп уәде берді Италия премьер-министрі.

10 шілдеде Еуропарламенттен сенім вотумын алған Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен өз кезегінде Украинаға жан-жақты қаржылай көмек көрсетуге уәде берді.

«Украинаның қорғаныс өнеркәсібі өз әлеуетінің 60 пайызында ғана жұмыс істеп тұр», дегенді қосты ол. Ал еуропалық компаниялар бұл мәселе Киевке капиталмен көмектесе алады. Осындай сенім білдірген фон дер Лейен Украинаны қалпына келтіру үшін жеке қаражатты тартуға бағытталған жаңа еуропалық қор құрылатынын хабарлады, деп атап өтті Reuters.

Рүмдегі конференцияға қатысып жатқан Украина президенті Володимир Зеленський Батыс елдерін ұшқышсыз ұшақтар жасап шығаруда ынтымақтастыққа шақырды. «Бұл алдыңғы шепті ұстап тұруға және ресейлік әскери нысандарға шабуыл жасауға көмектеседі», – деді Зеленський.

Украин лидері бұған қоса, Украинаны қалпына келтіру үшін Ресейдің қатырылып тасталған мемлекеттік активтерін пайдалануға үндеді. «Киевке алдағы қыста энергиямен қамтамасыз етілу және әуе қорғанысын күшейту үшін халықаралық көмек қажет», деді соңында Зеленський.

Рүмдегі конференцияға 20-дан астам үкімет пен 100-ден астам компания өкілдері қатысуда.

Суретте: Володимир Зеленський мен Джорджия Мелони

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button