18 Қазан, 14:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Армения мен Әзербайжан басшылары Әбу-Дабиде мәміле жасасты

11 Шілде 2025 12:57
- Жаңалықтар, Қайнар
Армения мен Әзербайжан басшылары Әбу-Дабиде мәміле жасасты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ӘБУ-ДАБИ. 11 шілде. Армения премьер-министрі Пашинян мен Әзербайжан президенті Әлиев Біріккен Араб Әмірлігінде келіссөз жүргізді. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Келіссөз БАӘ байтағы – Әбу-Даби шаһарында өтті. Бірқатар сарапшылар мұны Ресейдің Оңтүстік Кавказдағы ықпалының әлсірегенінің айғағы деп санайды.

Шілденің 10-ы, бейсенбі күні Әбу-Дабиде Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келіссөз жүргізді. Кездесу делегациялар арасындағы байланыс форматында басталып, одан кейін бетпе-бет жүздесу сипатында жалғасқан төрт сағаттан астам уақытқа созылды.

Кездесуден кейін Армения мен Әзербайжан сыртқы істер министрліктерінің сайттарында келіссөздер туралы бірдей пресс-релиздер пайда болды. «Екіжақты келіссөздер қалыпқа келтіру үдерісіне қатысты барлық мәселелерді талқылаудың ең тиімді форматы екені расталды және осы негізде нәтижеге бағытталған осындай диалогты жалғастыру туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.

Пашинян мен Әлиев «шекараны делимитациялау үдерісіндегі ілгерілеушілікті атап өтті» және «тиісті мемлекеттік комиссияларға осы бағыттағы практикалық жұмысты жалғастыруды тапсырды». «Сонымен қатар тараптар екіжақты келіссөздер мен екі ел арасындағы сенім шараларын жалғастыруға келісті», – делінген баспасөз хабарламасында.

«Бұл – Әлиев пен Пашинянның алғашқы тікелей келіссөздері. Бұрын олар не медиаторлардың қатысуымен, не халықаралық саммиттер аясында өткен», деп хабарлайды BBC медиа компаниясы.

Армения мен Әзербайжан арасында Қарабақ жері үшін 30 жылдан астам қақтығыс болып келеді. Соңғы жылдары Әзербайжан бұл аумақты әскери күшпен өз бақылауына алды, Қарабақ армяндары Арменияға қашып кетті, ал Ереван аймаққа қатысты талаптарын тастады. 2024 жылдың маусымында бұл өңірден соңғы ресейлік бітімгершілік күштер кетті.

2025 жылдың наурыз айында Бакы мен Ереван бейбіт келісімге келді. Алайда бірнеше ай бойы құжаттарға қол қойылмады. «Әбу-Дабиде де бұған қол жеткен жоқ», деп жазды Армения Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян Facebook-те. «Егер бітімгершілік келісімі болса, жұрт бұл туралы хабардар болар еді», – деп жазды ол. «Армения Әбу-Дабидегі кездесуді сәтті өтті деп санайды. Біз оның бейбітшілік үдерісін одан әрі жүзеге асыру үшін маңызды негіз бола алатынын растаймыз», – дегенді қосты Бадалян.

Таңбалар: АрменияӘзербайжанкеліссөз

Ұқсас мақалалар

Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады
Жаңалықтар

Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады

25.08.2026
АҚШ-тың Әзербайжанға мүдделілігі алда тек арта түседі
Көзқарас

АҚШ-тың Әзербайжанға мүдделілігі алда тек арта түседі

02.08.2026
Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды
Жаңалықтар

Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды

04.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist