Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Армения Ресейдің әскери базасына қатысты әңгімеге жауап берді

ЕРЕВАН. 7 шілде. Армения билігі Ресейдің армян жеріндегі базасын күшейтіп жатқаны жайлы қауесетке байланысты түсіндірме жасады. Бұл туралы The Oxu.az ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Армения өз аумағын әлдекімдердің көрші елдерге шабуыл жасау үшін пайдалануына рұқсат бермейді. Украина ақпарат құралдарының Ресей Әзербайжанға қарсы соғыс ашу үшін армян жеріндегі әскери базасын күшейтіп жатқаны жайындағы хабарларына Армения сыртқы істер министрлігі осылай жауап берді.

РБК агенттігі атап көрсеткендей, Украинаның бас барлау басқармасының (ГУР) өкілі Андрей Юсов екі күн бұрын, 5 шілдеде Мәскеу «Оңтүстік Кавказ елдеріне қысымды күшейту» үшін Бакымен қарым-қатынастың нашарлауы аясында Армениядағы әскери қатысуын кеңейтіп жатқанын мәлімдеген еді. Оның сөзін украиналық «Страна» басылымы хабарлады.

Юсов Армениядағы ресейлік базаға қызметкерлер Ресей Федерациясының Ростов және Волгоград облыстары мен Қырымнан әскери қызметшілер қатарынан тартылып жатқанын айтты. Билік сонымен қатар Солтүстік Осетия мен Адыгея тұрғындары арасында еріктілерді белсенді түрде іздестіруде.

Ереван мұны «баспасөздің жалған ақпараты» хабарлады. «Баспасөзде пайда болған жалған ақпаратқа жауап ретінде Армения республика аумағын үшінші елдер көршілес мемлекеттердің ешқайсысына қарсы әскери іс-қимылдар жүргізу үшін пайдалана алмайды деген принципті ұстанымын қуаттайды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ресей әскерлері Армения аумағындағы Гюмриде (102-әскери база) орналасқан. Олар 1995 жылғы мемлекетаралық келісімге сәйкес сонда. 2010 жылы ресейлік күштердің қатысу мерзімі бастапқыда 2020 жылға, сосын 2044 жылға дейін ұзартылды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button