Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Ресейдің бұрынғы көлік министрі Роман Старовойт өзіне өзі қол жұмсады

МӘСКЕУ. 7 шілде. Ресейдің бұрынғы көлік министрі Роман Старовойт доғарысқа кеткесін бірнеше сағаттан соң атылып өлді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Ресейдің бұрынғы көлік министрі жұмыстан қуылғаннан кейін өлі табылды», – деп баяндады күштік құрылымдармен байланысы бар «112» және «Baza» телеграм-арналары.

Олардың мәліметі бойынша, шенеунік Мәскеу түбіндегі Мякинино кентіндегі өз үйінде атылып қалған.

Мәнбелер мұның себебі оның үстінен қозғалатын қылмыстық іс болуы мүмкін. Курск облысының бұрынғы басшысы Алексей Смирнов оған қатысты айғақ беріп қойған сияқты. Оған өңірдегі бөгеттер құрылысын тонауға салды деп айып тағылып, қамалған көрінеді.

Кейінірек тергеу комитеті Старовойттың өлімін расқа шығарды.

Ведомоствоның ресми өкілі Светлана Петренконың айтуынша, бұрынғы көлік министрінің оқ тиген денесі бүгін Одинцово қалалық округінде тұрған жеке көлігінің кабинасынан табылған.

Мемлекеттік думаның қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картополов RTVI телеарнасына берген сұхбатында Старовойттың «айтарлықтай ерте» қайтыс болып кеткенін сөз етті, алайда оның тап қай уақытта орын алғанын ашып айтпады. Мәйіттің жанында тапанша жатқан. Алдын ала мәліметке сай, бұл марапат қаруын ол міндеттерді орындауға ықпал еткені үшін 2023 жылы ішкі істер министрлігінен алған.

Президент Владимир Путин 7 шілде күні Роман Старовойтты Ресей көлік министрі лауазымыннан босатқан болатын. Бірақ себебі атап көрсетілген жоқ. Старовойт ведомоствоны 2024 жылдың мамырынан бері басқарып келді. Бұған дейін, 2018 жылдың қазанынан Курск облысының губернаторы болды.

Соғыс басталғалы бері Ресейдің топ-шенеуніктерінің 20-сы осылай аяқ астынан қайтыс болып кетті.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button