Әзербайжанда орыс тілінде білім беретін мектептер жабылады

БАКЫ. 2 шілде. Бакы мен Мәскеудің арасы ушыққаны сондай, ол әзери елінде орыс тілінде білім беретін мектептердің жабылуына дейін апарғалы тұр. Бұл туралы «Кавказский узел» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ғылым және білім министрлігі білім беру саясатын жариялағанда ресми мәнбелерге жүгінуге шақырды.
Әзербайжанның елдегі орыс тілді мектептерді жабуға шешім қабылдағанын Oxu.az хабарлаған болатын. Паблик мектеп оқушылары ата-аналарына сілтеме жасап, WhatsApp желісіндегі мектеп топтары тиісті хабарламаларды алғанын және олар кезең-кезеңімен жабылатынын жазады. «Алдағы үш жылда орыс тілді мектептер әзербайжан тілінде оқытуға көшеді, мұғалімдерді қайта даярлау курстары ұйымдастырылады», – деп баяндайды портал.
«Әзербайжанда қазіргі таңда 340 орыс тілді мектеп бар, оның 16-сы тек орыс тілінде оқытса, қалғандары екі тілде білім береді. Оларда 160 мыңға дейін оқушы оқиды. Мектептердің көпшілігі Бакыде орналасқан, ал еліміздің кейбір аймақтарында мүлде жоқ», – деп жазады Mektebgushesi басылымы.
Ресей сыртқы істер миниcтрлігі орыс тілді мектептердің жабылатыны туралы ақпаратқа жауап берді. «Біз кейбір БАҚ-тан Әзербайжанда орыс тілінде оқытатын мектептерді жабу жоспарланғаны туралы хабарларды көрдік. Біз жағдайды жіті қадағалап отырамыз және бұл мәселе бойынша Әзербайжан тарапымен үнемі байланыстамыз», – деп келтірді ТАСС ведомоство өкілі Мария Захарованың сөзін.






