Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Трамп: Иранның негізгі ядролық нысандары толығымен жойылды

УАШИНГТОН. 22 маусым. АҚШ президенті халыққа үндеу жасап, Уашингтонның Ирандағы үш ядролық нысанды талқандағанын айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

ға жасаған әуе шабуылына қатысты пікір білдірді. Олар толығымен жойылды, деді Трамп Иранға соққы беруді әсерлі әскери жетістік деп атады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Уашингтонның Ирандағы Фордо, Натанз және Исфахан ядролық нысандарына жасаған әуе шабуылын «әсерлі әскери жетістік» деп мәлімдеді. Америка мемлекетінің басшысы мұны 21 маусым, сенбі күні Ақ үйде халыққа жасаған үндеуінде айтты.

Ақ үйдің қожайыны бұған «Иранның негізгі үш ядролық нысаны соққылардың нәтижесінде толығымен және жаппай жойылды» дегенді қосты.

Трамп Теһран бейбітшілік жөніндегі келісімге келуі керек, әйтпесе Ирандағы басқа нысандарға да шабуыл жасаймыз дегенді баса айтты. «Иран үшін ендігі өмір не бейбітшілік, не трагедия болады, бұл соңғы сегіз күнде көргенімізден әлдеқайда зор болмақ», – деді ол.

Трамп сондай-ақ Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды құттықтап, «Израильге төнген қорқынышты қатерді» жою үшін «команда» болып жұмыс істегендерін мәлімдеді.

«Америка басшысы Теһрандағы режимді өзгерту мүмкіндігіне қатысты тікелей ештеңе айтпады. Керісінше, ол Иран келіссөз үстеліне отырған жағдайда Құрама Штаттар операцияны негізінен аяқталды деп санайтынын ашық айтты», деп хабарлайды BBC.

АҚШ аймаққа маңызды әскери күштер мен активтерді орналастырды, бұл қажет болған жағдайда Уашингтонның тез әрекет етуге дайын екенін көрсетеді.

Трамптың сөзі шамамен төрт минутқа созылды. Вице-президент Джеймс Дэвид Уэнс, мемлекеттік хатшы Марко Рубио және қорғаныс министрі Пит Хегсет үндеу кезінде АҚШ президентінің артында тұрды.

«АҚШ әскері Иранның үш нысанасына соққы бергеннен кейін Америка басшысы Израиль премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті», деп хабарлады Ақ үйдің жоғары лауазымды қызметкері.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button