Пәкістан Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды

ИСЛАМАБАД. 21 маусым. Пәкістан үкіметі АҚШ президенті Дональд Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ресми түрде ұсынды. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Исламабад АҚШ президентін Пәкістан мен Үндістан арасында бейбіт келісім жасалуына қол жеткізгені үшін осы сыйлыққа лайық деп есептейді.
Пәкістан үкіметі АҚШ президенті Дональд Трампты Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына үміткер ретінде ресми түрде ұсынды. Исламабад үкіметі 20 маусым, жұма күні таратқан мәлімдемеде Трампты сыйлықты жеңіп алуға лайық деп мәлімдеді, себебі оның «шешімді түрде араласуы Үндістан мен Пәкістан арасындағы соңғы дағдарысты жеңуге себеп болған».
Биылғы мамыр айында Үндістан Пәкістанды даулы Кашмирдің аймағында ондаған туристің өмірін жұлып кеткен күшті жарылысқа қатысы бар деп айыптағаннан кейін екі ел соғыс шегіне жетті. Пәкістан үкіметінің мәлімдемесінде тек Трамптың бірден іске араласуының нәтижесінде «екі ядролық держава арасындағы апатты салдары зор болатын қақтығыстың алдын алынғаны» айтылады.
Әуе және зымыран соққыларынан кейін Үндістан мен Пәкістан 10 мамырда атысты тоқтатуға келіскен. Құрама Штаттар қақтығыстағы екі жақпен де келіссөздер жүргізген.
Алайда Үндістан билігі Трамптың күш-жігерінің бейбіт реттеуде маңызды рөл атқарғанын жоққа шығарады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп осының алдында ғана Пәкістан армиясының қолбасшысы Асим Мунирді Ақ үйде қабылдаған. Содан кейін Исламабад әлгіндегідей ұсыныспен шыққан.