Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Қызылордада «Жастар нашақорлыққа қарсы!» ұранымен флешмоб өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 маусым. Сыр бойының бас қаласында «Жастар нашақорлыққа қарсы!» ұранымен флешмоб ұйымдастырылды. Бұл туралы Polisia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Қызылорда облысында ауқымды флешмоб қанат жайды. Іс-шара мектеп жанындағы лагерьлердің қатысуымен «Жастар нашақорлыққа қарсы!» ұраны аясында өтті.

Бастама нашақорлықтың алдын алу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қолға алынды. Облыс орталығы мен 7 ауданның мектептер жанындағы лагерьлерінде бір мезетте ұйымдастырылған флешмобта оқушылар мен жастар би қимылдары арқылы есірткіге деген теріс көзқарастарын білдіріп, қоғамды сергектік пен денсаулыққа үндеді.

Қатысушылар көтеріңкі көңіл күй мен белсенділік танытып, өз өнерлерімен көрерменге тың ой тастады. Флешмоб тек би билеу ғана емес, жастардың ішкі үндеуі, замандастарына арнаған үндеуі іспетті болды.

«Біз бұл флешмобқа тек көңіл көтеру үшін емес, үлкен бір мағыналы мақсатпен келдік. Есірткі – тек адамның емес, бүтін қоғамның дерті. Мен өз болашағымды денсаулықпен, біліммен, арманмен байланыстырамын. Сондықтан біз – жастар, өзгелерге үлгі болуымыз керек», – деді шараға қатысқан студент Ақбота Ізбасар.

Аталмыш бастама арқылы ұйымдастырушылар жастардың назарын теріс іс-қимылдардан аулақ болуға, уақытты пайдалы өткізуге бағыт беруге әрекет етті.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button