АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қызылордада жас полицейлер салтанатты түрде ант қабылдады

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 маусым. Қызылордада қызметке жаңа қабылданған жас полицейлердің салтанатты түрде ант беру рәсімі болып өтті. Бұл туралы Polisia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қызылорда қаласында гарнизон жиын өтті. Оның соңы жас полицейлердің салтанатты жағдайда ант беру рәсіміен ұласты. Полиция қатарына жаңадан қосылған 20 жас маман Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қызметін адал әрі абыроймен атқаруға серт берді.

Шапағатты шараға полиция департаментінің басшылығы, басқарма мен қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы қатысты. Жас тәртіп сақшыларын ант қабылдауымен полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров құттықтап, олардың жауапты қызмет жолына сәттілік тіледі.

Жиында сондай-ақ құқық қорғау саласына келген жас буынды ішкі істер органдары ардагерлерінің атынан облыстық мәслихаттың депутаты, полиция департаменті ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмірбек Шаймағамбетов құттықтап, жас әріптестеріне қызметте адалдық пен табандылық көрсетуді тіледі.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button