Сикорски: Қытай Ресейдің Украинадағы соғысын тоқтата алады

ВАРШАВА. 18 мамыр. Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорски Қытайдың Украинадағы соғысты бірден тоқтата алатынын айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast,kz хабарлайды.
Министрдің ойынша, Ресей «Қытайдың экономикалық вассалы», сондықтан Бейжің оны сауда эмбаргосымен қорқыту арқылы Путинді «өз орнына қоюы мүмкін». Алайда, әзірге, оның атап өтуінше, бұл орындалмай жатыр.
Қытай Ресейдің Украинадағы соғысын «Путинді орнына қою арқылы» аяқтауы мүмкін. Мұндай пікірді Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорски 17 мамыр, жексенбі күні жарияланған немістің «Tagesspiegel» мәтбұғатына берген сұхбатында айтты.
Польша сыртқы істер министрінің айтуынша, Ресей ҚХР-дың «экономикалық вассалы» болып табылады. «Сондықтан егер Бейжің Мәскеуді сауда эмбаргосымен қорқытса, ол «мойынсұнуға мәжбүр болады», – деді Сикорски. Алайда «қазіргі уақытта бәрі олай емес», – деп атап өтті ол сосын.
«Путин уақытты созып отыр. Ол бүкіл Украинаны өзіне бағындыра алатынына шын сенген кейіпте. Ол әлі де жеңіске жететініне сенімді», – деп жалғастырды Сикорский. Дегенмен, оның пікірінше, іс жүзінде жағдай тығырыққа тіреліп тұр. «Құрлықта Ресей аз ғана ілгерілеуде және он мыңдаған сарбазынан айырылып жатыр. Украина Қара теңізде жеңіске жетті», – деді ол.
Осы жағдайда Польша СІМ басшысы одақтастарын «Ресей өзінің соғыс ашуы қателік болғанын және оның алдына қойған мақсатына жете алмайтынын ұққанына дейін Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыруға» шақырды.
Поляк сыртқы саясат ведомоствосының басшысы сондай-ақ 16 мамырда Ыстанбұлда өткен Украина мен Ресей Федерациясы арасындағы тікелей келіссөз бен оны жалғастыру перспективаларына қатысты пікір білдірді. Сикорскидің айтуынша, қазіргі кезеңдегі келіссөздер процесі Мәскеудің ниетін сынау болып табылады. «Егер Ресей атысты тоқтатуға келіспесе немесе шектен шыққан талаптар қоя беретінг болса, бұл Путиннің бейбітшілікке ынталы емес деген пікірімізді толық расқа шығарады», – деді ол.
Сұхбат алушының қандай жеңілдіктер Киев үшін «қолайлы» болуы мүмкін деген сұрағына Сикорски: «Менің бұл туралы пікір айтуға құқығым жоқ. Мұны тек Украина шеше алады», – деп жауап берді.
Сонымен бірге ол Украинада бейбітшілік орнату үшін АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуы қажет емес деген пікірін білдірді. «Түптеп келгенде, әңгіме Ресейдің Украинаға басып кіруі туралы болып отыр ғой. Ресей халықаралық мойындалған шекарадан шығып кетіп, соғысты бес минут ішінде аяқтай алатын еді», – деп есептейді Польша СІМ басшысы.