Зеленський Украина әскерлері өз жерлерінен кетпейтінін айтты

КИЕВ. 20 мамыр. Украина президенті Володимир Зеленський РФ басып алған территориялардан өз әскерлерін алып кетуден үзілді-кесілді бас тартты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украин лидерінің айтуына қарағанда, АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей диктаторы Владимир Путинмен әңгімелескеннен кейін Кремльдің Киев пен Мәскеу арасындағы тікелей келіссөз арқылы ымыраға келуге дайын екенін айтқан.
«Бірақ Украина келіссөз жүргізу үшін өзінің территориясынан әскерлерін алып кетпейді», – деп мәлімдеді Володимир Зеленський телефон арқылы Дональд Трамп пен Владимир Путин әңгімелескеннен кейін. «Егер Ресей бұрынғысынша біздің өз жерлерімізден әскерлерімізді әкетуімізді талап ететін болса, демек, бұл оның соғыстың аяқталғанын қаламай отырғанын көрсетеді. Өйткені олар Украинаның бұған ешқашан келіспейтінін жақсы біледі».,– деді Зеленський 19 мамыр, дүйсенбі күні кешке өткен брифингте.
Зеленськийдің айтуынша, өзінің конституциялық борышы елді қорғап қалуды жалғастыру болып табылады. «Бізге бұл жерде ешқандай ультиматум жүрмейді, ешкім өз жерін, өз адамдарын, өз үйлерін жауға бере салайын деп отырған жоқ», – деп атап өтті.
Украин президенті сондай-ақ Трамптың РФ ымыраға келуге дайын екенін мәлімдегенін айтты. Ақ үй үшін ең алдымен Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзді бастағаны маңызды. Зеленський сонымен бірге соғыстың аяқталып келе жатқанын білдіретінін алғашқы фактор екі тараптың майдан даласында бір мезгілде бірдей атысты тоқтатулары екенін алға тартты. Ресейліктер тек осылай еткенде ғана өздерінің жанжалды бейбіт жолмен реттеуге әзір екендерін дәлелдей алады.
Зеленський Трамптың Путинге қоңырау шалар алдында өзімен сөйлесіп алғанын айтты. Украин лидері әңгіме барысында Ақ үйдің қожайынына «Украинаның мәселесін Украинасыз шешуге жол бермейтінін» жеткізген. Украина соғысты тоқтату үшін өзінің бір сүйем жерін де басқыншы жауға бере салмайды. Мұны Трамп та, оның командасы да түсінсе керек, қазір олардың риторикасында мұндай мәлімдемелер жоқ.
Трамп 17 мамырда Truth Social әлеуметтік желісінде барлық мақсат күніне екі жақтан 5 мыңнан аса адамның өмірін жұлып кетіп отырған соғысты тоқтату болып отырғанын жазды.