Трамп жақын күндері Украинадағы соғыс аяқталатынын мәлімдеді

УАШИНГТОН. 14 мамыр. АҚШ президенті Дональд Трамп жақын күндерде Украинадағы соғыстың тынатынын баяндады. Бұл туралы UNIAN ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп жақын күндерде Украинаға қатысты жақсы жаңалық болатынын – соғыс аяқталатынын айтты. Ол мұны Қатар әмірі Тамим бин Хамад әл-Танимен кездесуі барысында жеткізді.
«Мен бүгін, бәлкім, ертең не жұма күні, шынымды айтсам, бізді бір жақсы жаңалық күтіп тұратынын айтқым келеді. Көрерміз», – деді Трамп.
АҚШ президенті мұнымен қатар Қатардың Уашингтонға Ресей – Украина соғысымен бірге басқа жанжалдарды да шешуге көмектесетінін атап өтті.
Еске сала кетейік, Трамп бұдан бұрын Ресей диктаторы Владимир Путинмен кездескісі келетінін білдірген. Ол жұмыс кестесінің тығыздығы бұған жол бермей жүргенін баяндады.