Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Еуропа Ресейге қарсы санкциялар жөніндегі позицияны берік ұстанады

ПАРИЖ. 28 наурыз. Украинаның еуропалық одақтастары Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауға немесе жеңілдетуге ешқандай себеп көріп отырған жоқ. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бейсенбі күні Парижде өтіп жатқан Украинаны қолдауға бағытталған «қалаулылар коалициясына» қатысушылар Ресей агрессиясын тоқтатпай, Украина территорияларын басып алуды жалғастыра берсе, оған қарсы санкциялардың алып тастауға немесе жеңілдетуге болмайтыны жөнінде бір пікірге келді.

Украина президенті Володимир Зеленський мен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің журналистерге арнаған бірлескен мәлімдемесінде осының жай-жапсары кеңінен айтылды. Ұлыбритания Үкіметінің басшысы қазір Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдететін уақыт емес екенін атап өтті, керісінше, басқыншы елге қысымды күшейту керек.

Украина басшысы бүгінгі кездесуде Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар пакеттері талқыланғанын, соғыс жалғасқанша санкциялар жойылмайтынын айтты.

Президенттің айтуынша, санкциялар халықаралық қоғамдастықтың қолындағы тиімді қысым құралдарының бірі болып табылады.

«Егер санкциялардың жеңілдетілгеніне қарамастан, Ресей келісімді бұзып жататын болса, санкцияларды қайтару процесі өте баяу жүретін болады. Ол көпшілік санкциялардың шынымен жұмыс істейтініне сенуден қалады», – деді мемлекет басшысы.

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейдің тыйым салынған активтерін «қазір Украинаның пайдасына пайдалану мүмкін емес» екенін, бірақ Украинаны соғыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары кезінде пайдалануға болатынын айтты.

Саммитте басшылар Украинадағы атысты тоқтатуды қолдаудың «әскери және операциялық» жоспарларын да талқылады. Стармер бұл кездесу әлем көшбасшыларының Украина жағында қалғанын және қанша уақыт қажет болса, оны қолдауға дайын екенін көрсеткенін мәлімдеді.

Осы аралықта Еуропа одағының таяу күндерде Ресейге қарсы жаңа, 17-ші санкциялар пакетін жариялағалы отырғаны белгілі болды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button